AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытына қыз...

Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытына қызығушылық білдірді

Әлеумет 11.01.2024, 04:13 887
Румыния Транскаспий халықаралық көлік бағытына қызығушылық білдірді
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Румынияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мадалина Лупумен кездесуі өтті.


Кездесуде көлік, логистика және авиация саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Көлік министрі Марат Қарабаевтың Румынияға алдағы сапары талқыланды.


Қазақстандық тарап алдағы сапар аясында Румыниямен Транскаспий халықаралық көлік бағыты аясында ынтымақтастықты дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою мәселесі пысықталып жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап. 


Сонымен бірге, Вице-министр Румынияның ТХКБ аясындағы рөлінің маңыздылығын, сондай-ақ екі ел компанияларының белсенді қатысуын және жүк тасымалдаушылар арасындағы жақсы жолға қойылған байланыстары туралы жеткізді.


Атап айтқанда, тараптар Еуропамен көлік байланысын жақсарту мақсатында өзара ынтымақтастық пен ТХКБ дамыту мәселелерін талқылады.


Сондай-ақ, қазақстандық тарап 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Румынияда Халықаралық автомобиль тасымалдары бойынша Бірлескен комиссияның бірінші отырысын өткізуді ұсынды.


Елші қабылдау үшін алғыс айтып, екі елдің ТХКБ аясындағы ынтымақтастығы Қазақстан мен Румыния арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастардың кілті болып табылатынын атап өтті.


Кездесу соңында тараптар көлік саласындағы одан әрі жемісті ынтымақтастыққа сенім білдірді және өткен іскерлік әңгіме үшін алғыс айтты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#румыния #Транскаспий #халықаралық көлік бағыты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы оқушылары республикалық олимпиадада бірінші орын иеленді

Бүгін 09:58

Аида Балаева: Almaty Superski таудағы туризмді жауапты дамытудың үлгісіне айналуы тиіс

Бүгін 09:24

Алматы әуежайына кіру сызбасы өзгерді

Бүгін 09:10

Бүгін ауа райы күрт өзгереді деп болжанды

Бүгін 08:33

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);