AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы құшағында / Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жа...

Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті

Алматы құшағында Бүгін 13:42 36
Руханият пен технология тоғысты: KitapFest–2026 жаңа форматта өтті
Сурет: Дана Садырқан

KitapFest–2026 аясында Алматы қаласындағы Арбат алаңы Наурыз мерекесінің рухымен көмкеріліп, руханият пен технология тоғысқан ерекше алаңға айналды. Дәстүрлі кітап фестивалі биыл жаңа серпінмен өтіп, оқырман мен цифрлық дәуірді бір кеңістікте табыстырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Фестивальде 40-қа жуық баспаның таңдаулы туындылары ұсынылып, кітапсүйер қауым үшін кең таңдау жасалды. Сонымен қатар, танымал қаламгерлермен жүздесу ұйымдастырылып, әдебиет пен ой еркіндігіне құрылған мазмұнды кездесулер өтті. Ұлттық және шығармашылық бағыттағы шеберлік сабақтары да келушілердің қызығушылығын арттырды.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Арман Халбеков алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады. Оның айтуынша, кітапханалар жүйесі іс-шараны жоғары деңгейде өткізіп жатыр.

– Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітапхана мен оқырман арасындағы көпірді нығайту – басты міндет. Алматы қаласында 200-ге жуық түрлі іс-шара өтіп жатыр. Әр шаңыраққа ырыс-береке тілеймін. Қала әкімдігіне қарасты 30 кітапхана бүгінде толықтай заманауи технологиямен жабдықталған. Кітап оқырмандарының саны да жылдан-жылға артып келеді. Бұл – кітап оқитын ұлтқа айналып келе жатқанымыздың айқын дәлелі, – деді ол.

Іс-шараның басты жаңалығы – «Smart Yurt» интерактивті киіз үйі болды. Бұл кеңістікте сирек кітаптар көрмесі қойылып, кітап қорын цифрландыру үдерісі жан-жақты таныстырылды. Қонақтар заманауи технологиялардың мүмкіндігін өз көзімен көріп қана қоймай, оларды тәжірибе жүзінде сынап көрді. VR-көзілдірік арқылы виртуалды саяхат жасап, AI-фотобудкада ерекше естелік сәттерін сақтап қалды.

Жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Бейбіт Сарыбай да ізгі тілегін білдірді:

– Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Адамды адам еткен – кітап. Қандай жетістікке жетсе де, көркем әдебиет оқымаған адамның дүниесі кемшін болады. Баспалардың бір алаңға тоғысуы – үлкен қуаныш. Жазушының ең үлкен бақыты – оқырманға жету. Қаламгерлердің еңбегі бағаланып, қазақ оқырманы көбейе берсін!, – деді Бейбіт Сарыбай.

Жазушы Кәдірбек Сегізбайұлы ақ батасын беріп, іс-шараға сәттілік тіледі.

Фестиваль ұлттық құндылықтарды да назардан тыс қалдырмады. Қолөнер шеберлері өткізген шеберлік сабақтары барысында қатысушылар дәстүрлі өнердің нәзік қырларын меңгеріп, ата-баба мұрасымен етене жақын танысты.

Сонымен қатар, қала кітапханаларының мобильді қосымшасы таныстырылып, өзіне-өзі қызмет көрсетуге арналған автономды станциялар көпшілік назарына ұсынылды. Бұл – кітап оқуды жаңа деңгейге көтеретін заманауи қадамдардың бірі.

«Алматыкітап баспасы» ЖШС кітап дүкенінің меңгерушісі Кенжетай Жұмағалиқызы фестивальдің маңыздылығына ерекше тоқталды:

– KitapFest – бұл тек кітап жәрмеңкесі емес, ол – оқырман мәдениетін қалыптастыратын үлкен рухани алаң. Бүгін біз кітаптың жаңа заманмен бірге дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Мұндай іс-шаралар жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ұлттық әдебиеттің дамуына да серпін береді. Әсіресе, дәстүр мен цифрлық технологияның ұштасуы – қазіргі қоғам үшін аса маңызды бағыт. Бұл – болашақ оқырманды тәрбиелеудің тиімді жолы, – деді ол.

Фестиваль алаңы әсем әуенге бөленіп, концерттік бағдарлама көрерменге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Домбыраның күмбірі мен әннің әуезі мерекенің мәнін тереңдете түскендей.

Екі күнге жалғасатын бұл мәдени іс-шара дәстүр мен цифрлық жаңашылдықты үйлестіріп қана қоймай, қала тұрғындары мен қонақтары үшін рухани жаңғыру алаңына айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#KitapFest #Алматы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды алматылықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

Бүгін 14:43

Алматының саябағында: тазылар, бүркіттер, аңыз-әфсана кейіпкерлері

Бүгін 14:22

Бакуда қазақы үлгідегі Наурыз мерекесі кең көлемде тойлануда

Бүгін 14:14

Сайран көлінің жағасында Наурыз тойы өтіп жатыр

Бүгін 13:46

«Ұлы даланың ғажайыптары»: этно-көрме заманауи форматта үйлесім тапты

Бүгін 13:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика