AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Сайлау-2023 / Роман Василенко: ЕҚЫҰ ДИАҚБ берген баға тек ұсыным...

Роман Василенко: ЕҚЫҰ ДИАҚБ берген баға тек ұсыным негізінде жарияланып отыр

Сайлау-2023 23.11.2022, 08:43 1,206
Роман Василенко: ЕҚЫҰ ДИАҚБ берген баға тек ұсыным негізінде жарияланып отыр
bugin.kz

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко ЕҚЫҰ ДИАҚБ-ның еліміздегі сайлауға қатысты мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


Осы орайда ол Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Еуропа Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының еліміздегі сайлауға берген бағасына қатысты тиісті ұстанымы жарияланғанын еске салды.



«ЕҚЫҰ аясында бірқатар институт жұмыс істейді. Сондай институттардың бірі – Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро. Бұл орган ЕҚЫҰ-ға мүше елдердің барлығында әлі бекітілмеген белгілі бір ережелер негізінде жұмыс істейді. Бұл өз кезегінде сайлау науқанынын байқау ережелеріне қатысты», - деді Роман Василенко Мәжілісте тілшілер сұрағына жауап бере отырып.



Ол 2010 жылы ДИАҚБ аясында №6 сайлауды байқау бойынша кейбір нұсқаулар дербес бекітілгенін атап өтті. Алайда олар ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ұстанымдары бойынша пікірін есепке алмаған.



«ЕҚЫҰ ДИАҚБ ұйымға мүше мемлекеттерге демократиялық институттарды дамытуда көмек көрсетуі тиіс. Бұл өз кезегінде ДИАҚБ сайлауды байқауға немесе белгілі бір органдармен ынтымақтасуға шақырған ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттерге көмек көрсетуі керек дегенді білдіреді. Атап айтқанда, биылғы маусым айында ДИАҚБ мен Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі уәкілі арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалды», - деді Р. Василенко.



Сонымен қатар ол ДИАҚБ берген баға ЕҚЫҰ-ға мүше мемлекеттер қабылдайтын немесе қабылдамауы мүмкін ұсынымдар санатына жататынын жеткізді.



«Осы жылдың өзінде ДИАҚБ Франция, АҚШ, Мажарстан және Сербиядағы сайлауға байқаушы ретінде қатысты. Бұл тұрғыда осы мүше мемлекеттерге арнап ұсыныстары бар баяндамалар жарияланды. Әр мүше мемлекет ДИАҚБ жариялаған ұсыныстарға қатысты өз бағытын дербес қарастырады. Біз ДИАҚБ-мен одан әрі ынтымақтастыққа мұқият қарайтын боламыз», - деді министрдің орынбасары.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сайлау #Василенко
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

1312 жедел желісі: алматылықтар кене шағуы мен вакцинация бойынша кеңес ала алады

Бүгін 14:21

ChatGPT психологтың орнын баса ала ма: ЖИ-мен сырласудың қаупі қандай?

Бүгін 14:16

Алматыда жастарға заң мен жауапкершілік жайы түсіндірілді

Бүгін 14:10

Туризм Алматыдағы табысты салалардың біріне айналып келеді

Бүгін 12:41

Алматы автобус жүргізушілерін бақылауды күшейтпек

Бүгін 12:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);