конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Ролан Гаррос турнирі қазақстандық теннисшілерге қа...

Ролан Гаррос турнирі қазақстандық теннисшілерге қанша табыс әкелді?

Спорт 06.06.2023, 06:52 1,522
Ролан Гаррос турнирі қазақстандық теннисшілерге қанша табыс әкелді?
Сурет: 24.kz

485 мың еуро.


Қазақстандық теннисшілер Ролан Гаррос турнирінен осынша табыс тапты. Париж қаласындағы байрақты бәсеке әлі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 24.kz-ке сілтеме жасап. 


Бірақ қазірдің өзінде отандық спортшылар алатын сыйақы көлемі белгілі. Ең жоғары көрсеткіш Юлия Путинцеваға тиесілі. Ол 150 мың еуроны еншіледі. Өйткені Юлия жекелей сында үшінші айналымға дейін жетті. Ал жұптық сында ресейлік Камилла Рахимовамен бірге алғашқы айналымнан аса алмады.


Елена Рыбакина болса, 142 мың еуроны қалтасына басады. Ол да барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, үшінші айналымға дейін жеткен. Кейін сырқаттанып қалуына байланысты жарыс жолынан шығуға мәжбүр болды.


Ерлер арасында қазақстандық Александр Бублик 77 мың, Тимофей Скатов 69 мың, ал Александр Недовесов пен Андрей Голубев, сәйкесінше, 21 және 8 мың еуродан алады. Бұған қоса, Анна Данилинаның 16 мың еуро тапқаны белгілі болды. Жерлестеріміздің жалпы табысын теңгеге шаққанда 234 миллион теңгені құрайды. Ролан Гаррос турнирі теннис бойынша жылдың басты бәсекелерінің бірі және ол 12-ші маусымға дейін жалғасады. Әлемдік аламанның жалпы жүлде қоры 46 миллион 600 мың еуроны құрайды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ролан Гаррос #турнир #теннис #табыс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Аустралия жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп жатыр

Бүгін 18:36

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:31

Күту мен таңдау: сайлау науқаны барысында қазақстандықтардың электоралды көңіл-күйі қалай өзгерді?

Бүгін 18:28

Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында өкпе обырын скринингтеу жалғасады

Бүгін 17:47

Алматы онкология орталығында өкпе обырының алдын алу апталығы өтті

Бүгін 17:21
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);