Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Республикалық Президенттік шыршаға 100 бала қатыст...

Республикалық Президенттік шыршаға 100 бала қатысты

Әлеумет 29.12.2023, 11:01 1,194
Республикалық Президенттік шыршаға 100 бала қатысты
Сурет: Gov.kz

Елордада Қазақстан Республикасы Президентінің атынан балаларға арналған «Жаңа жыл республика төрінде» республикалық шырша тойы өтті.


Оған еліміздің барлық өңірлерінен 100-ден астам бала қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Шырша салтанатына қатысушылардың ішінде он жасар Малика Мұхамеджанова да бар. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайын ауданы Смирново ауылындағы №2 мектеп-гимназиясының оқушысы бұл шара үшін арнайы өз қолымен 100 тірі раушан гүлінен сәнді көйлек тігіпті.



«Бүгін бәрі ертегідей. Мені бұл көрініс аса таң қалдырды. Барлығы сондай сәнді, мен де бүгінгі салтанатқа орай өзіме әдемі көйлек тіктім. Мереке үшін рахмет!», - дейді Малика.



Отбасы үлгісіндегі балаларды қолдау орталығының тәриеленушісі, Маңғыстау облысынан келген Виктор Бояркин Президенттен шақырту алғаны үшін алғысын білдірді. Үшінші сынып оқушысы каратэмен айналысады және домбырада ойнайды.



«Шырша тойына қатысқаным үшін аса қуаныштымын. Оның үстіне бізге көптеген сыйлықтар берілді. Осындай шексіз қуаныш сыйлаған Президентке және барша қатысушыларға рахмет айтамын», - дейді ол.



Шыршаға шақырылған балаларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан Құттықтау хат табыс етілді.



«Айналайын балақай! Сені Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймын! Осы тамаша мейрам өзіңді қуаныш пен шаттыққа бөлесін! Өмірің жарқын сәттерге толы болсын! Кітап оқы, спортпен шұғылдан, табиғатты аяла және жақсылық жасауға ұмтыл! Білімпаз, еңбекқор, адал азамат бол! Асқақ армандарың ақиқатқа айналсын! Саған зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!», - деп жазды Президент балаларға арналған құттықтауында.



Балалармен бірге шырша шамын еліміздің бас педагогі Ғани Бейсембаев жақты.



«Бүгін өздеріңіз сынды 6 миллионнан астам бала Жаңа жыл мерекесін тойлауда және республикамыздың 20 өңірінен жүздеген бала осы Президент шыршасына қатысып, үлкен мерекелі тойды бірге өткізудеміз. Жалпы сіздер осы үш күн бойы әсем қаламыз Астананың ең көрікті жерлерін араладыңыздар. Оның ішінде тәуелсіздік символына айналған Бәйтерекке де бардыңыздар. Мемлекет сіздердің бақытты балалық шақтарыңыз үшін барлық мүмкіндіктерді жасауда. Ендігі жерде, құрметті жас достар, сіздер де сабақтарыңызды беске оқып, саналы тәрбие алып, осы елдің беделді, мықты азаматы болып өсулеріңізге барлық мақсат-мұраттарыңызды арнауға тиіссіздер», — деді Оқу-ағарту министрі.



Балалар үшін елорданың үздік шығармашылық ұжымдарының 400 әртісі мерекелік көңіл-күй сыйлады, «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының солистері «Күлбикеш» спектаклінің қойылымын тарту етті. Балалар қазақстандық атақты әртістер Маржан Арапбаева, Қарақат Әбілдина, Ержан Максиммен шыршаны айналып ән айтып, би биледі.


Шара соңында барлық қонақтарға Қазақстан Республикасы Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтар табыс етілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Жаңа жыл #президент #шырша
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Корея президентінің арнайы өкілін қабылдады

Бүгін 15:32

Аида Балаева Алматы облысындағы туристік нысандардың жазғы маусымға дайындығын тексерді

Бүгін 15:30

Алматыда тарихи матч: әуесқойлар мен алып клубтың кездесуі

Бүгін 15:26

"Енді қаңғыған иттер жүрмейді". Мәжілісте бұралқы ит иелерінің жауапкершілігі қалай күшейтілетіні түсіндірілді

Бүгін 15:02

Жаркентте автотұрақтағы көлікте жалаңаш отырған екі ер адам видеоға түсіп қалды

Бүгін 14:20
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика