конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын...

Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды

Билік 25.02.2026, 15:03 237 Сұлу
Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды
depositphotos.com

Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды. Мұндай сауалды
Қоғамдық саясат институты жүргізген
, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін көрсетеді. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы естідіңіз бе?» деген сауалнама сұрағына респонденттердің 87,5%-ы құжатпен белгілі бір деңгейде таныс екенін білдірген: олардың 34,2%-ы мазмұнын жақсы білетінін айтса, тағы 53,3%-ы жоба туралы естігенін, бірақ егжей-тегжейімен таныс емес екенін жеткізген. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 12,5%-ы бұл туралы ештеңе естімегенін мәлімдеген. 

Жаңа Конституция жобасын қолдау деңгейі(«Бұқаралық ақпарат құралдарында жаңа Конституция жобасы жарияланды. Сіз осы жобаны қолдайсыз ба?») айтарлықтай жоғары. Сауалнамаға қатысқандардың 86,5%-ы жарияланған жобаны қолдайды: 48,4%-ы ұсынылған өзгерістерді толықтай құптайды, ал 38,1%-ы жекелеген баптары мен ережелерін мақұлдайды. Сонымен бірге құжат мәтінімен жақсы таныс респонденттер арасында қолдау деңгейі ақпараттану деңгейі төмен топтармен салыстырғанда едәуір жоғары екені байқалады.

Референдумға ықтимал қатысу деңгейі 70,7%көлемінде бағаланады («Сіз жаңа Конституция жобасы бойынша өтетін референдумға дауыс беруге барасыз ба?»). Сонымен қатар, респонденттердің 11,6%-ы дауыс беруге қатысуды жоспарламайтынын білдірсе, 17,7%-ы әлі нақты шешім қабылдамаған.

«Жаңа Конституция жобасында көрсетілген төмендегі баптар мен нормаларды сіз қолдайсыз ба, әлде қолдамайсыз ба?» деген сұраққа берілген жауаптарға сәйкес, жоба нормаларының ішінде ең жоғары қолдауға ие болғандар: табиғатқа ұқыпты қарау қағидатын бекіту (94,3%), мәдениет пен білім, ғылым мен инновация құндылықтарын бекіту (87,8%), сондай-ақ цифрлық ортада азаматтардың жеке деректерін қорғау (87,7%). Аталған ережелерге қатысты оң көзқарас барлық әлеуметтік топтарда көрсетіліп отыр.

Сауалнаманы Қоғамдық саясат институты «AMANAT» партиясының тапсырысы бойынша ұлттық репрезентативті іріктеме негізінде 9–18 ақпан аралығында жүргізді. Іріктеме көлемі – 18 жастан асқан 8000 респондент (17 облыс, Астана, Алматы, Шымкент қалалары). Іріктеме қателігі – ±1,19%. Деректерді жинау әдісі – жаппай сауалнама (face-to-face). Сауалнама Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясын жазбаша хабардар ету арқылы, Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңына сәйкес өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Михаил Ломтадзе Джекидің Қазақстанды өз үйіндей сезінуі үшін аңызға айналған актерге Kaspi Gold табыстады

Бүгін 21:21

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Бүгін 17:51

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 17:48

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін 17:15

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);