AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Ресей мен Жапония сияқты елдерде сутегімен жүретін...

Ресей мен Жапония сияқты елдерде сутегімен жүретін транспорттар бар 

АЭС: Референдум 02.10.2024, 10:36 1,278 Nursok82
Ресей мен Жапония сияқты елдерде сутегімен жүретін транспорттар бар 
видеодан алынды

Арман Миниязов, ҚР ҰЯО Атом энергиясы институтының технологиялық құзыреттілік орталығының директоры, атом электр стансасынан алынатын энергияны сутегі отынына айналдыру мүмкіндігі жайлы айтты:

"Атом электр стансасының энергиясын сутегіге айналдырып, оны болашақта металлургия, өнеркәсіп салаларында және транспортта қолдануға болады. Ресей мен Жапония сияқты елдерде сутегімен жүретін транспорттар бар, ал біз де Қазақстанда бұл бағытта жұмыс істеуге мүмкіндігіміз бар", – деді ол.

Ғалымдар метаннан сутегі алу әдісін зерттеуде, бұл процесс пиролиз деп аталады. Осы технологияның көмегімен шикізаттан сутегін алу тиімділігі жоғары – 90%-тен асады.

"Бұл технология арзан болмайды, себебі жоғары технологиялық әдіс болғандықтан, бағасы да қымбатырақ. Бірақ экономикалық тұрғыдан қарағанда тиімділігі жоғары. Егер бізге таза сутегі қажет болса, оны осы технология арқылы ала аламыз. Бұл технологияны өзіміздің институтта жүзеге асырдық", – деп түсіндірді Арман Миниязов.

Сутегін тасымалдау да өз қиындықтарын тудырады, алайда орталық ғалымдары бұл мәселені де шешуде.

"Сутегін сақтауға арналған материалдарды жасау – маңызды қадамдардың бірі. Сутегі газ болғандықтан, оның өрт қауіптілігі бар, сондықтан біз оны қысымсыз әрі қауіпсіз сақтау жолдарын іздестіріп, арнайы материалдар жасап, солар арқылы сутегіні қауіпсіз түрде сақтауды қамтамасыз етеміз", – деді Арман Миниязов.

Атом энергетикасының және сутегін өндірудің жаңа технологиялары Қазақстанның өнеркәсібін және көлік жүйесін дамытудың негізгі қозғаушы күштерінің бірі болмақ.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#"Сутегі #технология #өнеркісіп #АЭС
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер ұрпақтар арасындағы байланысты күшейтуге қалай атсалысып жүр

Бүгін 11:31

Алматыдағы этномәдени бірлестіктер қоғамдық келісімді нығайтуға атсалысып жатыр

Бүгін 11:27

ЖИ егіс алқаптарына да жетті

Бүгін 11:21

Таңбалануға тиіс тауарлар тізімі ұлғайды

Бүгін 10:35

Ревматологқа қашан қаралу керек және неге дер кезінде бару маңызды?

Бүгін 10:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика