AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Ресей чемпионы киіміндегі Z әрпі үшін медаль мен с...

Ресей чемпионы киіміндегі Z әрпі үшін медаль мен сыйақыдан айырылды

Оқиға 19.05.2022, 03:18 1,068 Almaty-akshamy
Ресей чемпионы киіміндегі Z әрпі үшін медаль мен сыйақыдан айырылды
Cурет: obozrevatel.com

Оқиға көркем гимнастикадан Дохада өткен әлем кубогы кезеңінде болған


Халықаралық гимнастика федерациясы қоссырақ жарысының жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне кеудесіне Z әрпін жабыстырып келген ресейлік гимнаст Иван Кулякті бір жылға спорттан шеттетті. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі мәлімдеді,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.


Федерацияның тәртіптік комиссиясы 20 жастағы спортшы Халықаралық гимнастика федерациясының жарғысын, оның тәртіптік және этикалық кодекстерін, сондай-ақ техникалық регламенттерді бұзды деген қорытындыға келген. Куляк қола жүлдені және 500 швейцариялық франк көлеміндегі ақшалай сыйлықты қайтарып, 2 мың франк көлеміндегі сот шығындарын төлеуі керек.


Оқиға биыл наурызда көркем гимнастикадан Дохада өткен әлем кубогы кезеңінде болған. Сол кезде спорттық гимнастикадан жасөспірімдер арасындағы Ресей чемпионы параллель қоссырақтан қола жүлде жеңіп алған.


Марапаттау рәсімінен түсірілген кадрларда Куляқтің киіміне Z әрпі жабыстырылғаны көрсетілген. Z және V әріптері Ресей әскерінің Украинаға басып кіруінің символы ретінде белгілі. Олар көбіне ресейлік әскери техникаға жазылады.



"Білесіз бе, ол бізбен ақылдаспады. Бұл оның жеке бастамасы екені сөзсіз. Біздің жігіттер - Ресейдің патриоттары. Ол бізге ештеңе айтпады", - деді спорттық гимнастикадан Ресей құрамасының аға бапкері Валентина Родионенко.



Украинада соғыс басталғаннан кейін көптеген халықаралық ұйым ресейлік және белорус спортшыларын жарыстарға қатысудан шеттеткен. Кейбірін, мысалы, шахматшы Сергей Карякин мен жүзуші Евгений Рылов Ресейдің Украинаға басып кіруін ашық қолдағаны үшін жеке жазаға ұшыраған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #Марапат #Украина
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Алатау ауданында Шәріпов көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 22:09

Мемлекет басшысы цифрландырудың елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын негізгі фактор екенін айтты

Кеше 20:14

Мемлекет басшысы Еуразиялық көлік дәліздерін цифрландырудың маңызын атап өтті

Кеше 20:06

Тоқаев ЕАЭО байланыстарын кеңейту туралы айтты

Кеше 20:03

Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында сөйледі

Кеше 18:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);