Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум - 2022 / Референдум елдің болашағын анықтайды

Референдум елдің болашағын анықтайды

Референдум - 2022 30.05.2022, 11:59 1,115
Референдум елдің болашағын анықтайды
Almaty-akshamy.kz

5 маусымда елімізде аса маңызды саяси шара - референдум өтеді.


Осыған орай біз Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрының директоры Елена Киммен аз-кем сұхбат құрған едік.


- Елена Викторқызы, биыл академиялық корей театрына 90 жыл толады. Мерейтойларыңыз құты болсын!


- Рахмет. Шынында да, биыл Мемлекеттік республикалық академиялық корей театрына 90 жыл толады. Бұл - біздің театр үшін ғана емес, жалпықазақстандық мәдениет үшін де аса маңызды оқиға.


- Мемлекет тарапынан, тиісті мекемелерден театрға қандай қолдаулар көрсетіліп жатыр?


- Біздің театр - бірегей өнер ордасы. Бұл - Кореядан тыс жерде орналасқан әлемдегі жалғыз мемлекеттік театр. Бұл - мемлекетіміздің корей халқына көрсетіп отырған зор құрметі. Спорт және мәдениет министрлігі шығармашылық даму мен өркендеу үшін барлық жағдайымызды жасап, жаңа мүмкіндіктерге жол ашуда. Біздің өнер ордасына мемлекет пен министрлік әрқашанда үлкен қолдау көрсетіп келеді. Жақында Президент Жарлығымен театрымыздың майталманы, танымал тұлға Олег Сафронович Ли «Барыс» орденімен марапатталды. Бұл бізге және біздің театрға көрсетілген үлкен құрмет деп ойлаймын.


- 5 маусым күні елімізде үлкен саяси оқиға орын алмақ. Жалпы, референдум туралы қандай пікірдесіз?


- 5 маусымда елімізде Конституцияға түзетулер мен өзгерістер енгізу бойынша референдум өтпек. Бұл - біздің мемлекетіміз үшін өте жауапты және маңызды шара. Референдум - бұл халық билігінің айқын көрінісі, елдің әрбір азаматының өзінің азаматтық ұстанымын білдіре отырып, «Жаңа Қазақстанды» құруға тікелей үлес қоса алатындығының көрінісі. Мемлекет басшысының жаңа Қазақстанды құру және референдум өткізу туралы идеясы - тарихи оқиға. Өйткені бұл - біздің тарихымыздағы 27 жылдан кейін өткізілетін екінші референдум. Референдумның тарихи маңызы тұтастай алғанда мемлекеттің тағдырына қатысты мәселелерді халықтың талқылауына шығару, демократияның негіздерін бекіту, болашаққа дамуға жаңа саяси жол салу болмақ.


«Алдағы референдум әрбір азаматтың Қазақстанның болашағын айқындайтын тарихи оқиғаға тікелей қатысуына мүмкіндік береді», - деді Президент.


Біз, шығармашылық адамдары, Мемлекет басшысының жүргізіп отырған зайырлы саясатын әрдайым қолдаймыз. Ел тарихында орын алатын осындай маңызды оқиғаға Мемлекеттік республикалық академиялық корей театры белсенді қатысады.  Өйткені бұл - біздің болашағымыз, біздің мемлекетіміз!


- Сұхбатыңыз үшін рахмет! Мерейтойларыңыз құтты болсын!

Телеграм арнаға жазылыңыз
#референдум #театр #ким
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

"Тосын чемпион". Америкалық телеарна Шайдоровтың жеңісін ерекше атап өтті

Бүгін 10:06

Ресейде коронавирустың жаңа түрі шықты: Қазақстанға қандай қауіп бар?

Бүгін 09:45

Ақмола облысында бүйрегін 25 мың долларға сатпақ болған азамат ұсталды

Бүгін 09:27

Референдум-2026: Алматыда дауыс беру учаскеңізді қалай білуге болады

Бүгін 09:15

Ауа райы күрт суыды: Астанада бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқуға көшті

Бүгін 09:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі