конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Рамен жеуге деген шектен тыс әуестік қауіпті - зе...

Рамен жеуге деген шектен тыс әуестік қауіпті - зерттеу

Мұны білген жөн 27.09.2025, 16:13 745
 Рамен жеуге деген шектен тыс әуестік қауіпті - зерттеу
depositphotos.com

Рамен лапшасы тек Жапонияда емес, бүкіл әлемде танымал. Алайда бұл тағамға деген шектен тыс әуестік қауіпті екені айтылды, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі "Доктор Питерге" сілтеме жасап. 

Рамен – бидай ұнынан жасалған дәстүрлі жапон лапшасы. Әдетте сорпаға ет, көкөніс, балдыр және басқа қоспалар қосылады. Түрлі нұсқалары бар. Жақында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, жапондар басқа лапша түрлеріне қарағанда раменді көбірек сатып алады.

Жапон ғалымдары раменді жиі жеудің өлім-жітімге әсерін зерттеп, жағымсыз қорытындыға келді. Sciencedirect журналында жарияланған мәліметке сәйкес, раменді жиі тұтынған сайын мезгілсіз өлім қаупі де жоғарылайды.

Зерттеуге 40 жастан асқан 6,7 мыңнан аса жапон қатысты, олардың үштен бірі – ер адамдар. Қатысушылар сауалнама толтырып, денсаулығы, зиянды әдеттері және раменді қаншалық жиі жейтіні туралы ақпарат берді.

  • Қатысушылардың 46,7 пайызы раменді айына 1–3 рет ішкен.
  • Шамамен 27 пайыз-ы – аптасына 1–2 рет.
  • 7,4 пайызы – аптасына 3 реттен жиі жеген.

Зерттеу бірнеше жылға созылды. Нәтижесінде ең жоғары өлім қаупі:

  • аптасына 3 реттен жиі рамен жейтіндерде болған;
  • сорпаның жартысынан көбін ішкендерде (себебі тұзы өте көп);
  • раменді алкогольмен бірге тұтынғандарда анықталды.

Ғалымдардың айтуынша, мұның басты себебі – тағамдағы шамадан тыс тұз мөлшері.

"Тұзды көп жеу инсульт, асқазан обыры сияқты жүрек-қан тамыр ауруларына әкеледі. Раменде әдетті тұз көп, сондықтан оны жиі жеу осы аурулар арқылы өлімге әкелуі мүмкін", – делінген зерттеуде.

Сонымен қатар, раменді жиі тұтынғандар арасында дене салмағы индексі жоғары, темекі шегетін, алкоголь ішетін, қант диабеті мен гипертониясы бар адамдар көбірек болған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#рамен #денсаулық #тағам
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28

Бұл жай ғана дауыс беру емес: Алматыда жастар арасында жаңа электоралдық мәдениет қалай қалыптасып жатыр

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);