Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / BRT-Райымбек / Райымбек батыр даңғылындағы BRT «қасбеттен қасбетк...

Райымбек батыр даңғылындағы BRT «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырылады

BRT-Райымбек 21.04.2025, 12:50 1,192
Райымбек батыр даңғылындағы BRT «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша жүзеге асырылады
Cурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Райымбек даңғылындағы BRT құрылысы қашан және қалай жүреді?

23 сәуірден бастап Алматыдағы Райымбек батыр даңғылында қаладағы ең ірі көлік жобасының бірі BRT желісін іске асыру жұмыстары басталады. Бұл жоба Алматыда алғаш рет көше кеңістігін толық қамтып, ғимараттан ғимаратқа дейінгі аралықты – жол, тротуар, жасыл аймақ пен ғимараттардың қасбетін – толығымен қайта жаңғыртуды көздейді. Соның нәтижесінде тұрғындар үшін ыңғайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптасады.

Құрылыс қалай жүреді?

Жоба үш бөлікке бөлінген:

1.     Пушкин көшесі – Сейфуллин даңғылы (1,8 км)

2.     Сейфуллин даңғылы – Ахрименко көшесі (7,2 км)

3.     Ахрименко көшесі – Алтын Орда (7,5 км)

Мердігерлер:
 • 1 және 2 учаске – «Казахдорстрой» ЖШС
 • 3 учаске – «Прогресс KZ» ЖШС

Құрылыс екі кезеңге бөлінген:

І кезең: 21 сәуірден маусым айына дейін құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі. Бұл кезеңде жол бойында жұмыс басталады: бір шеткі оң жақ жолақ уақытша жабылады, ал әр бағытта үш жолақпен қозғалыс сақталады.Осы кезеңде орындалатын жұмыстар:
 • арық және дренаж жүйесін орнату
 • жаңа аялдамалар орнату
 • суару жүйесін тарту
 • инженерлік желілерді көшіру

ІІ кезең: Маусым айынан бастап жаңа асфальт төселіп, жол таңбалары сызылып, бағдаршамдар жаңартылады. Сонымен қатар тротуарлар, жасыл аймақтар, велосипед жолдары, балалар және спорт алаңдарын көріктендіру басталады.

Жол төсемі барлық ен бойынша жаңартылып, қозғалыс ішінара 36 сағатқа дейін жабылуы мүмкін (кварталдық кесте бойынша). Осы кезде реверсивті қозғалыс ұйымдастырылады. Мұндай уақытша қозғалыс схемасы әл-Фараби мен Абай даңғылындағы орташа жөндеу кезінде тиімділігін көрсетті.

Қала тұрғындарының жайлылығы қалай қамтамасыз етіледі?

Құрылыс жұмыстары кезінде тұрғындар мен қала қонақтарының қолайсыздықты барынша аз сезінуі және қауіпсіз жүріп-тұруы үшін барлық жағдай жасалады.

Жаяу жүргіншілер үшін:
 • жөндеу учаскелері бойымен ыңғайлы жаяу жүргіншілер бағыттары ұйымдастырылады
 • қоршаулар, пандустар және жарық шағылыстырғыш элементтер орнатылады — бұл түнгі уақыттағы қауіпсіздік пен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қолжетімділігін қамтамасыз етеді

Қоғамдық көлікпен қатынайтын жолаушылар үшін:
 • жөндеу жұмыстары кезеңінде уақытша аялдамалар қойылады, олар негізгі маршруттарға барынша жақын орналастырылады

Басты мақсат — құрылыс жүріп жатқан уақытта аудан тұрғындарының әдеттегі өмір ырғағын сақтау.

Қашан аяқталады?

Негізгі жұмыстарды 2025 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Жаңалықтарды қайдан білуге болады?
Жүргізілетін жұмыстар, қозғалысты уақытша жабу және схемалардағы өзгерістер туралы ақпарат Almaty_Joly Telegram арнасында, әкімдіктің әлеуметтік желілері мен 2GIS және Яндекс карталарында үнемі жаңартылып отырады. Бұл даңғыл қала мен облыс арасындағы маңызды көлік күре тамыры болғандықтан, ақпарат қала маңы тұрғындарына да жеткізіліп отырады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Райымбек батыр #BRT #қағидат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Шетелдік инвестор Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Бүгін 18:01

Қаланың үздік студенттері WorldSkills Almaty 2026 чемпионатында бақ сынап жатыр

Бүгін 17:56

Өскеменде 16 жастағы қызды жігіті пышақтап кеткен

Бүгін 17:13

Алматы Наурызды рекордтармен, цифрлық киіз үйлермен және жаңа форматтағы қалалық кеңістіктермен атап өтті

Бүгін 16:30

Абай университеті – әлемдік элитада: педагогтар даярлау бойынша әлемнің топ-50 қатарына енді

Бүгін 16:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика