ffin.kz

Қызылшаның алдын алудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация

Қызылшаның алдын алудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация almaty-akshamy.kz

Денсаулық сақтау саласының мамандары қызылшаның алдын алудың жалғыз тиімді жолы вакцинация деп санайды


Алматы қаласында алғашында қызылша жұқтырудың 91 күдікті жағдайы тіркелген, оның 73-і зертханалық расталған. Қызылша инфекциясының алдын алудың жалғыз тиімді жолы - вакцинация. Мұндай ақпаратты Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері мен қала эпидемиологтары айтты, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қызылша – ауа-тамшылы инфекциялар тобына жататын жіті жұқпалы вирустық ауру. Ауру адамнан адамға ауа арқылы, тыныс алу жолдарынан бөлінетін тамшылармен немесе жұқтырған адамдардың мұрнынан немесе тамағынан бөлінетін заттармен тікелей байланыста болудан жұғады. 



«Қызылшаның зертханалық расталған 73 жағдайының 56-сы (76,7%) дер кезінде қызылшаға қарсы егілмеген, оның ішінде 25 (50,0%) ата-анасының екпеден бас тартуына байланысты, 16 (28,6%) медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты, 7 адам(12,5%) – вакцинация жасына жетпеуіне байланысты және 6 (9,6%) ересек адам – белгісіз иммундық статусы бар», – деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.



Спикер Алматы қаласындағы қызылша ауруының эпидемиологиялық ахуалына көші-қон үдерісі әсер еткенін атап өтті.


Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, Алматыда вакцинация алмаған 14 884 бала бар, оның ішінде 1-6 жас аралығындағы 6 124 бала, 7-17 жас аралығындағы 8 760 бала, оның ішінде түрлі себептерге байланысты екпеден бас тартқан 5688 бала бар. 




«Ата-аналарды балаларының денсаулығына бей-жай қарамауға шақырғым келеді. Балалар арасындағы қызылшамен сырқаттанушылықтың төмендеуіне Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес жоспарлы иммундау ғана ықпал ететінін атап өткен жөн. Халық арасында иммундық емес қабаттың төмендеуі халықтың бұл инфекцияға бейімділігін айтарлықтай төмендетеді», - деп толықтырды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Назгүл Иманғалиева.



Мамандар қызылша жұқпасы мен аурудың асқынуының алдын алудың бірден-бір тиімді жолы екпе екенін айтады. Мәселен, өткен жылы профилактикалық іс-шаралар кешенінің нәтижесінде Алматы қаласында аурушаңдық бойынша эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және аурудың тіркелуін бірлі-жарым ғана жағдайға дейін төмендетуге мүмкіндік туды.


Аурудың алғашқы белгілері - жөтел, дене қызуының көтерілуі, көзден жас ағу, жарыққа сезімталдық және бастапқыда бетте, құлақ артында, кейін бүкіл денеде пайда болатын бөртпе. Олар пайда болған кезде сізге:


- өз бетінше емделуге болмайды, дәрігерді үйге шақырып, емді дәрігердің нұсқаулығымен алу; 


- үйде болу, жұмыс орнына, сондай-ақ, қоғамдық орындарға бармау; 


- науқас балаларды мектептерге, балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерге жіберуге болмайды.
 
Қызылшаға қарсы екпе екі рет жүргізіледі: 1 жаста және 6 жаста, бұл вакцинациядан кейінгі иммунитетті дамытуға мүмкіндік береді, бұл вакцинацияланған адамдарда өмір бойы болады.
 
Вакцинация үшін ДДҰ сертификатталған және Қазақстан Республикасында тіркелген қызылшаға, қызамыққа, паротитке қарсы біріктірілген вакцина қолданылады. Вакцинация тұрғылықты жері бойынша қалалық емханалардың барлық екпе кабинеттерінде тегін жүргізіледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04