Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қыз алып қашқандар қылмыстық жауапкершілікке тарты...

Қыз алып қашқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Заң мен тəртіп 19.08.2025, 16:07 552
Қыз алып қашқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
Сурет: newsroom.kz

Заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес қысым көрсету арқылы некеге мәжбүрлеу үшін 2 жылға дейін, ауыр зардаптар болса, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қылмыстық кодекске некеге тұруға мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауаптылық көзделген жаңа 125-1-бабы енгізілді, деп хабарлады бас прокуратура.

Аталған заңға мемлекет басшысы 2025 жылдың 16 шілдесінде қол қойды.
Мәжбүрлеу, әсіресе қысым, қорқыту, психологиялық немесе физикалық зорлық көрсету – бұл адамның негізгі құқықтарын бұзу болып табылады.

Бас прокуратураның хабарлауынша, көптеген елде мұндай әрекет ауыр қылмыс ретінде қарастырылады, себебі мәжбүрлі неке оқшаулау, еркіндікті шектеу, зорлық-зомбылық және кейбір жағдайларда құрбандардың өз-өзіне қол жұмсау әрекеттерімен қатар жүруі мүмкін. Тіпті бірқатар елде мұндай неке адам саудасының бір түрі ретінде танылады.

"Соңғы 5 жылда Қазақстанда осындай 257 қылмыстық іс тіркелді, олардың 95%-ы тоқтатылды. Жаңа заңнамаға сәйкес, қорқыту, бопсалау, күш қолдану немесе басқа да қысым көрсету арқылы некеге мәжбүрлеу үшін 2 жылға дейін, ал егер ауыр зардаптар болса – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді", - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ Қылмыстық кодекстің 125-бабына өзгерістер енгізіліп, жәбірленушіні ерікті түрде босатса да, істі тоқтатуға жол берілмейді. Енді мәжбүрлі некеге тұру мақсатында әйелді ұрлау Қылмыстық кодекстің 125 және 125-1-баптарының жиынтығы бойынша сараланады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#прокуратура #алып қашу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі