Қытырлақ қияр жабудың құпиясы мен жиі жіберетін қателіктер

  • 09:47, 05 қыркүйек 2025
Қытырлақ қияр жабудың құпиясы мен жиі жіберетін қателіктер сурет: pixabay.com

Жыл сайын тамыз-қыркүйек айларында базар сөрелері толып, әр үйде қысқы азыққа дайындық басталады. Әсіресе қазақ әйелдері әдеттен таймай, қияр тұздап, салат жабу дәстүрін жалғайды. Десе де, әр маусымның көкөністері ауа райына қарай әр түрлі құраммен өсіп шығады. Биыл қияр жабуға дайындалып жатқан жұрт нені білу керек? Жиі жіберетін қателіктер қандай? Аqshamnews.kz тілшісі керек кеңестерді тізді. 

Қияр бағасы қаншадан болып жатыр?

2025 жылғы қыркүйекте қияр бағасы аймақтарға қарай әртүрлі саудаланып жатыр. 
Алматы қаласында – 400–500 теңге/кг,
Астана – 450–600 теңге/кг,
Шымкент, Түркістан, Тараз сияқты оңтүстік өңірлерде – 350–450 теңге/кг,
Ауылдық жерлерде - бағасы келісім бойынша, кей жерде 300 теңгеге дейін түседі.

Таңдау кезінде қиярдың көлеміне, қаттылығына және сыртқы түріне назар аудару керек. Консервілеуге арналған ең жақсы қияр - ұсақ, тығыз әрі біркелкі піскендері. Үлкен немесе іші босап қалған қиярлар сақтау барысында жұмсарып кетуі мүмкін.

Нені ескеру керек?

Қияр жабу - тек көкөністі салып, тұздық құю емес. Бұл - нақты пропорция мен гигиенаны талап ететін технологиялық процесс.
Банкалар мен қақпақтарды зарарсыздандыру - басты қадам. Қайнаған суға кем дегенде 10 минут салып немесе буға ұстап зарарсыздандыру қажет.

Қиярды алдын ала 2–3 сағатқа суық суға салып қойсаңыз қияр қытырлақ әрі балғын қалпын сақтайды.

Тұздық құрамы (орта есеппен):

  • 1 литр су
  • 2 ас қасық қант,
  • 1 ас қасық тұз,
  • 1 шай қасық 70% сірке суы қосылады.

Аспириннің орнына не қолдануға болады?

Кей рецепттерде аспирин консервант ретінде пайдаланылады. Алайда оны қолдануға қарсы пікірлер де бар, себебі бұл дәрі тағамдық мақсатта емес.

Альтернатива ретінде 70% сірке суы – ең кең таралған консервант. Дұрыс мөлшерде қосылса, дәмін бұзбайды. Лимон қышқылы – дәмі жұмсақ, табиғи балама. Қыша дәні, қарақат, шие немесе емен жапырағы – табиғи антисептик. Қиярды қатты әрі қытырлақ ұстап тұрады.

Банкам "бомба" болмасын десеңіз...

Қысқа дайындаған банкінің "атылып кетуі" – қияр жабумен айналысатын кез келген жанның басынан өтетін жағдай. Бұл банкінің ішіндегі қысым мен стерильдік ережелерінің бұзылуынан болады.

  • Банкіні және қақпақты толықтай зарарсыздандыру: қайнату немесе буға ұстау арқылы банкі мен қақпақтан бактерияларды жою – ең маңызды қадам. Көптеген қателіктер осы кезеңді ескермеуден басталады.
  • Қиярды алдын ала суға салып қою: 2–3 сағат салқын суда тұрған қияр табиғи күйіне келіп, серпімді болады. Бұл оның банкі ішінде жұмсарып кетуінің алдын алады;
  • Қайнаған тұздықты ғана пайдалану: тұздық міндетті түрде қайнап тұруы тиіс. Жылы немесе салқын тұздық көкөністің бетін зарарсыздандыра алмайды.
  • Банкіні жапқаннан кейін 12–24 сағат ішінде төңкеріп, көрпемен орау: бұл ішкі қысым мен температураны теңестіріп, "атылу" қаупін азайтады.
  • Сақтау алдында банкідегі сұйықтық деңгейін тексеру: қияр тұздықтың астында толық тұруы керек. Жоғары шыққан қияр бөліктері шіріп, бүкіл банкіні бұзады.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:46

11:21

11:16

11:10

11:09

11:03

11:02

10:52

10:52

10:38

10:25

10:25

10:13

09:47

09:38

09:35

18:43

18:37

17:57

17:54

17:46

17:40

17:39

17:23

16:32