AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қысқы Олимпиада-2026: бүгін өнер көрсететін Қазақс...

Қысқы Олимпиада-2026: бүгін өнер көрсететін Қазақстан спортшыларының тізімі

Спорт 10.02.2026, 10:28 428 yakiya
Қысқы Олимпиада-2026: бүгін өнер көрсететін Қазақстан спортшыларының тізімі
Olympic.kz

ҚР Туризм және спорт министрлігі 10 ақпандағы жарыс кестесін  жариялады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Қазақстан құрамасының Милан мен Кортина-Д ' Ампеццодағы қысқы Олимпиада ойындарында өнер көрсетіп жатқанына осымен бесінші күн. 

Бағдарлама кестесіне сәйкес, ертең шаңғы жарысы, шорт-трек, фристайл-могул, биатлон және мәнерлеп сырғанау сынды спорт түрлерінен жарыстар өтеді.

Астана уақыты бойынша сағат 13:15-те Надежда Степашкина, Ксения Шалыгина, Анна Мельник және Дарья Ряжко шаңғы жарыстарында еркін стильдегі әйелдер спринтінде өнер көрсетеді. Финал 17:10-ға жоспарланған. 13:55-те ерлер спринті басталады, бұл ретте Қазақстанды Өмірғали Мұратбеков, Виталий Пухкало және Наиль Башмаков танытады, финал – 17:25-те.

Шорт-тректен сағат 14:30-да Яна Хан мен Ольга Тихонованың қатысуымен әйелдер арасында 500 метр қашықтыққа іріктеу сыны өтеді. 15: 08-де Денис Никиша ерлер арасында 1000 метрге іріктеу сынында өнер көрсетеді. Сондай-ақ сағат 15:53-те аралас эстафета жоспарланған, бұл ретте Қазақстан құрамасы атынан Денис Никиша, Абзал Әжіғалиев, Яна Хан және Ольга Тихонова бақ сынайды. Финал сағат 16: 48-ге жоспарланған.

Фристайл-могулдан Қазақстанды Павел Колмаков (ерлер, сағат 15:15-те), сондай-ақ Аяулым Әміренова, Юлия Галышева және Анастасия Городко (әйелдер, сағат 18:15-те) танытады.

17:30-да ерлер арасында биатлоннан жеке сында Әсет Дүйсенов пен Владислав Киреев сынға түседі. Жарыс күнін мәнерлеп сырғанау спорты түйіндеді. Сағат 22:30-да Михаил Шайдоров қысқа бағдарламада өнер көрсетеді.

Барлық жарысты Qazaqstan, Qazsport, Khabar және Jibek Joly телеарналарынан тікелей эфирден көре аласыздар.  

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қысқы Олимпиада-2026
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Бразилияның сыртқы істер министрі Мауро Виейраны қабылдады

Бүгін 20:10

"Анашым, мен сені жақсы көремін": Алматыда мейірім мен қайырымдылықтың мерекесі өтті

Бүгін 18:42

Алматыда этномәдени бірлестік өкілдері Аналар күнін атап өтті

Бүгін 17:27

Тамақтан уланбау үшін не істеу керек? Маман кеңесі

Бүгін 16:50

Қазақстандық дзюдошы Марат Байқамуров Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанды

Бүгін 15:53
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);