Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қысқы Олимпиада - 2026: әлем көз тіккен дода несім...

Қысқы Олимпиада - 2026: әлем көз тіккен дода несімен есте қалды?

Спорт Бүгін 10:59 25
Қысқы Олимпиада - 2026: әлем көз тіккен дода несімен есте қалды?
коллаж: aqshamnews.kz

Милан–Кортинада өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиадада жанкүйер жадында қалған сәттер аз болған жоқ. Осы бәсекеде Қазақстан құрамасы 1 алтын медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 92 мемлекеттің арасынан 19-орынға тұрақтады. Aqshamnews.kz тілшісі Олимпиадада есте қалған оқиғаларды тізіп шықты.

"Естелік шлемі". ХОК Украиналық спортшыға ескерту жасады

Украиналық скелетонист Владислав Гераскевич Олимпиадада соғыс салдарынан қаза тапқан спортшылардың суреті бейнеленген шлеммен жарысқа шығуға тырысқан. Алайда ХОК мұны Олимпиадалық ережеге қайшы деп танып, шлемді қолдануға тыйым салды. Спортшыға тек қара лента тағуға рұқсат етілді. Бұл шешім қоғамда үлкен резонанс тудырды.

сурет: Franck Fife/AFP

13 елдің атынан шыққан франциялық хореограф мемге айналды

Турнир кезінде 38 жастағы франциялық хореограф Бенуа Ришо желіні шулатты. Ол бір жарыстың өзінде әр елдің спортшыларымен кезек-кезек жұмыс істеп, әр прокаттың арасында киім ауыстырып, Kiss and Cry аймағына әртүрлі құраманың формасымен қайта-қайта шыққан.

БАҚ дерегінше, Ришо 13 елден 16 спортшымен жұмыс істейді. Көрермендер оны "жарыстағы ең бос емес адам" деп атап, видеолары әлеуметтік желіде мемге айналды. Ришоның өзі мұндайда форма-күртешелерді команда өкілдері алдын ала киім ауыстыратын бөлмелерге қалдырып кететінін айтқан.

сурет: ХОК

Абзал Әжіғалиевтың іріктеудегі сенсациялық финиші

Қазақстандық шорт-трекші Абзал Әжіғалиев 500 метр қашықтықтағы іріктеу кезеңінде қарсыластарының құлауын тиімді пайдаланып, мәреге бірінші болып жетті. Осылайша ол бірден ширек финалға жолдама алды. Олимпиада жанкүйерлері оның салқынқандылығын ерекше атап өтті.

Ерекше финишімен есте қалған спортшы өкінішке қарай ширек финалда сүрінді. Жарыстан кейін берген сұхбатында ол, барын салғанын, қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғысын білдірді.

сурет: ХОК

Тыйым салынған сальто: Олимпиадада тарих орнады

48 жылдық тыйымнан кейін мәнерлеп сырғанау спортында алғаш рет сальто элементі ресми түрде орындалды. Бұл сәт қысқы ойындардың ең көп талқыланған оқиғаларының біріне айналды. АҚШ спортшысы Илья Малинин 1976 жылы қауіптілігіне байланысты орындауға рұқсат етілмеген ерекше элементті орындап, сенсация жасады. Ерекше өнері үшін ол қысқа бағдарламаны бірінші орынмен тәмамдаған еді. Алайда еркін бағдарламада бірнеше мәрте қателік жасап, Олимпиадалық нәтижені 8-орынмен аяқтады.

сурет: ХОК

Олимпиада ауылында мүшеқаптар үш күнде таусылып қалды

Кортина-д’Ампеццодағы Олимпиада ауылында спортшыларға арналған 10 мың мүшеқаптар небәрі үш күнде таусылып қалды. Бұл факт Олимпиаданың бейресми, бірақ ең көп талқыланған жаңалықтарының біріне айналды. Ұйымдастырушылар қосымша мүшеқаптар жеткізуге уәде берді.

Айта кетейік, Олимпиада ауылында мыңдаған спортшы бір жерде тұратындықтан, ұйымдастырушылар жыныстық денсаулықты қорғау мақсатында контрацепция құралдарын таратады. Бұл жыныстық жолмен жұғатын инфекциялардың алдын алу, жоспарланбаған жүктіліктің алдын алу және жалпы қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қолдау үшін жасалады. Бұл тәжірибе 1988 жылдан бері бар.

сурет: ХОК

Пингвиннің ізінен ерген: норвегиялық спортшының жалғыз жүруі көптің талқысына ұшырады

Норвегиялық слаломшы Атле Ли Макграт жарыста екінші мүмкіндікте қателесіп, жүлдесіз қалды. Ашуға булыққан спортшы трассадан шығып, орманға барып қар үстіне жатып алды. Кейін бұл күні атасының қайтыс болғанын айтып, жағдайдың ауыр болғанын мойындады.

Оның көпшіліктен тыс кетуін жұрт танымал болған пингвиннің оқиғасымен байланыстырды.

сурет: ХОК

Назгул есімді иттің мәреге жетуі

Әйелдер арасындағы командалық спринт кезінде трассаға ит жүгіріп шықты. Чехословакиялық волкдог тұқымды Назгул тіпті мәреге дейін жетті. Бұл күтпеген сәт Олимпиаданың ең сүйкімді эпизодтарының бірі болды.

сурет: ХОК

Ресей мен Беларусь спортшылары – бейтарап мәртебеде өнер көрсетті

2026 жылғы қысқы Олимпиадада Ресей мен Беларусь спортшылары өз елінің туы мен әнұранын қолданбай, AIN (Individual Neutral Athletes) деген бейтарап мәртебеде қатысты. Бұл шешімге сай атлеттер тек жеке спорт түрлерінде өнер көрсетті. Сондай-ақ олар парадқа (Opening ceremony) ұлттық құрама ретінде шыққан жоқ және ұлттық символиканы пайдаланбады.

Ойындарға осы форматта Ресейден – 13, Беларусьтен – 7 спортшы тіркеліп, жалпы 20 бейтарап атлет қатысты. Бұл талаптар Олимпиаданың спорттан бөлек, саяси контексті бар екенін тағы да аңғартты.

Михаил Шайдоров – Олимпиада тарихын жазған спортшы

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2026 жылғы қысқы Олимпиадада алтын медаль жеңіп алып, ел спортының тарихына өз атын алтын әріппен жазды. Бұл жеңіс Қазақстан үшін ғана емес, әлемдік мәнерлеп сырғанаудағы жарқын сәттердің біріне айналды.

сурет: ХОК

Олимпиада барысында Шайдоровтың әлемдік шоу-бизнес жұлдызы Snoop Dogg-пен бірге түскен суреті әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Ал гала-концертте оның мұздағы өнеріне әлем актері Джеки Чанның өзі сүйсініп, қазақстандық спортшыға ерекше құрмет көрсетті.

Шеберлік, мінез және сахналық харизма - Шайдоровтың өнері осы қасиеттердің барлығын тоғыстырды. Ол бұл Олимпиадада тек алтын медаль иесі ғана емес, нағыз тарих иесі екенін дәлелдеді. Оның финалда өнер көрсеткен костюмі тіпті Олимпиада мұражайына қойылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Авторлық киноның жеңісі: «Әбіл» – әлемдік сахнада

Бүгін 12:17

Алматы вейптердің заңсыз айналымын бақылауды күшейтті

Бүгін 12:02

Оразаң қабыл болсын, Қасеке!

Бүгін 11:48

Шымкентте фармацевтикалық өндіріс кеңейеді: 39,5 млрд теңге жеке инвестиция тартылды

Бүгін 11:38

2025 жылы 300 мыңнан астам жас алматылық қалалық жобаларға тартылды

Бүгін 11:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі