Қысқы күн тоқырауы: жылдың ең қысқа күні мен ең ұзақ түні

Қысқы күн тоқырауы: жылдың ең қысқа күні мен ең ұзақ түні Сурет: жасанды интеллект

Желтоқсанның 21-22-сі аралығы - астрономиялық тұрғыдан аса маңызды кезең. Қыстың дәл осы күндері күн тоқырауы болып саналады. Бұл - жыл ішіндегі ең қысқа күн мен ең ұзақ түнге байланысты. 2025 жылы Қазақстан аумағында бұл құбылыс 21 желтоқсанға сәйкес келген. Толығырақ Aqshamnews.kz редакциясының танымдық ақпаратында. 

Қысқы күн тоқырауы деген не?

Қысқы күн тоқырауы - Жердің Күнді айнала қозғалысы барысында Күн сәулесінің Солтүстік жарты шарға ең аз мөлшерде түсу сәті. Дәл осы уақытта Күннің орталығы аспан экваторынан ең алыс оңтүстік нүктеге жетеді. Соның салдарынан күндізгі уақыт қысқарып, түн ұзарады.

Осы күннен кейін Күннің көкжиектен көтерілу биіктігі біртіндеп артып, күн ұзара бастайды. Бұл - астрономиялық қыстың басталуы.

Қазақстандағы ең қысқа күн

Қазақстан аумағының үлкендігіне байланысты күннің ұзақтығы өңірлерде әртүрлі болады:

  • Солтүстік өңірлерде (Астана, Петропавл) күннің ұзақтығы шамамен 7 сағат 30 минут.
  • Оңтүстік өңірлерде (Шымкент, Алматы) күн шамамен 9 сағатқа созылады.

Бұл көрсеткіштер 21 желтоқсанда ең төменгі шегіне жетіп, 22 желтоқсаннан бастап күн секундтап, кейін минуттап ұзара бастайды. 

Назарларыңызға ақпарат түсініктірек болуы үшін 22-28 желтоқсан аралығындағы күннің шығу және бату кестесін ұсынамыз:

  • 22 желтоқсан 2025 жыл
    Күннің шығуы: 07:21
    Күннің батуы: 16:19
    Күннің ұзақтығы: 8 сағат 58 минут
  • 23 желтоқсан 2025 жыл
    Күннің шығуы: 07:22
    Күннің батуы: 16:20
    Күннің ұзақтығы: 8 сағат 58 минут
  • 24 желтоқсан 2025 жыл
    Күннің шығуы: 07:22
    Күннің батуы: 16:21
    Күннің ұзақтығы: 8 сағат 59 минут
  • 25 желтоқсан 2025 жыл
    Күннің шығуы: 07:22
    Күннің батуы: 16:22
    Күннің ұзақтығы: 9 сағат 00 минут
  • 26 желтоқсан 2025 жыл
    Күннің шығуы: 07:23
    Күннің батуы: 16:22
    Күннің ұзақтығы: 8 сағат 59 минут
  • 27 желтоқсан 2025 жыл
    Күннің шығуы: 07:23
    Күннің батуы: 16:23
    Күннің ұзақтығы: 9 сағат 00 минут
  • 28 желтоқсан 2025 жыл
    Күннің шығуы: 07:23
    Күннің батуы: 16:24
    Күннің ұзақтығы: 9 сағат 01 минут

Демек, бүгіннен (22 желтоқсан) бастап, 1 минуттан күн ұзара бастайды.

Халықтық таным мен атаулар

Қазақ халқы қысқы күн тоқырауын ертеден бақылап, оған ерекше мән берген. Бұл күнді халқымыз "қыс ортасы", "ең қысқа күн", "қыстың алғашқы күні" деп те атаған. 

Халықтық танымда осы күндері табиғат белгілеріне қарап, алдағы жылдың ауа райын болжаған. Мысалы, егер ең қысқа күні ағаштарды қалың қырау басса, келер жыл берекелі, егін мол болады деп сенген.

Сондай-ақ бұл кезеңді "күннің шілтер басынан аттауы" деп бейнелі түрде сипаттаған. Яғни күннің ұзаруы бірден байқалмаса да, жарықтың қараңғылықты жеңе бастағанын білдіреді.

Жыл және оның түрлері

Жердің Күнді толық бір айналып шығу уақыты жыл деп аталады. Астрономияда жылдың бірнеше түрі бар:

  1. Жұлдыздық жыл
  2. Тропиктік жыл
  3. Аномалистикалық жыл
  4. Күнтізбелік жыл
  5. Ай жылы

Сонымен қатар жыл мезгілдерінің ұзақтығы бірдей емес:

  • Көктем - 92,8 күн
  • Жаз - 93,6 күн
  • Күз - 89,8 күн
  • Қыс - 89 күн (кібісе жылдары 90)

Күн мен түннің теңелуі мен тоқырау күндері

  • 21 наурыз - көктемгі күн мен түн теңелуі
  • 22 маусым - жазғы күн тоқырауы
  • 23 қыркүйек - күзгі күн мен түн теңелуі
  • 22 желтоқсан - қысқы күн тоқырауы

Әлем халықтарындағы маңызы

Қысқы күн тоқырауы тек қазақ халқында ғана емес, көптеген елдерде ерекше аталып өткен. Мысалы, Ежелгі Қытайда бұл күн Дунчжицзе мейрамы ретінде тойланған. Ол ең бақытты, ең қасиетті күндердің бірі саналып, жаңа үміт пен жарықтың қайта оралуын білдірген.

Қысқы күн тоқырауы - табиғаттың заңдылығын, уақыттың үздіксіз қозғалысын еске салатын маңызды астрономиялық құбылыс. Бұл - қараңғылықтың шегіне жетіп, жарықтың қайтадан үстемдік ала бастайтын сәті.

21 желтоқсан - жылдың ең қысқа күні болса, 22 желтоқсаннан бастап күннің ұзаруы үміт пен жаңарудың нышаны іспетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
1
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

12:34

12:15

12:00

11:47

11:31

11:23

11:06

10:47

10:25

10:11

09:53

09:41

09:25

09:12

08:50

08:36

21:18

17:33

16:17

15:07

14:33

12:51

12:11

11:29

10:09