AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Қырымбек Көшербаев Кавказ мұсылмандары басқармасын...

Қырымбек Көшербаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасымен кездесті

Билік 05.10.2021, 12:20 1,145
Қырымбек Көшербаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасымен кездесті
akorda.kz

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев Кавказ мұсылмандары Басқармасының Төрағасы Шейх-Уль-Ислам Аллахшүкір Паша-Задемен кездесті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап.


Тараптар кездесу барысында ХХІ ғасырда әлемдік қауымдастық көптеген сын-қатерлермен бетпе-бет келгенін, оның ішінде әлеуметтік және дінаралық қақтығыстарға себеп болатын діни экстремизмнің белең алғанын атап өтті. Бұл ретте қордаланған мәселелерді шешудің тиімді стратегиясын әзірлеу, сондай-ақ, діндер мен конфессиялардың, ұлттар мен ұлыстардың үндестікте өмір сүруін қамтамасыз ету - маңызды жұмыстардың бірі.



Қырымбек Көшербаев аймақтық және жаһандық деңгейдегі конфессияаралық диалогты нығайту біздің ел ұстанған саясаттың басым бағыттарының бірі екенін айтты. Қазақстан осыдан 20 жылға жуық уақыт бұрын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу туралы стратегиялық ұсынысын жариялаған болатын. Бұл біздің еліміздің рухани көшбасшылармен сындарлы диалог орнатуға, заманауи сын-қатерлерге қарсы бірлескен тиімді жауап табуға ұмтылысын дәлелдейді.



Қырымбек Көшербаев Шейх-Уль-Ислам Аллахшүкір Паша-Задеге Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің жұмысына үнемі әрі белсенді қатысып келе жатқанына, Кавказ мұсылмандары басқармасының конфессияаралық және дінаралық диалогты ілгерілетуге қатысты Қазақстанның ұсыныстарын қолдап отыратынына ризашылығын білдірді.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мемхатшы #көшербаев #кездесу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аясында 40-тан астам мәдени іс-шара өтті

Бүгін 09:42

Алматыда «Бірлік жүгірісі» атты неондық жүгіру өтті

Бүгін 09:23

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Кеше 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Кеше 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Кеше 16:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика