ffin.kz

Қырғызстан президенті ел халқынан кешірім сұрады

Қырғызстан президенті ел халқынан кешірім сұрады Сурет: culture.akipress.org

Қырғыздар да қызға өз салуда алдарына жан салмайды екен.

Күні кеше Қырғызстан президенті Садыр Жапаров ел халқының алдында кешірім сұрады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Оған себеп қырғыз президентінің інісінің қызы Ләззат Нұрқожаеваға сүйген жігітінің сөз салуы болды. 

«Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді». Дейтұрғанмен, Ләззат Нұрқожаеваға Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты тікұшақты пайдаланып жасалған ұсыныстың видеосы әлеуметтік желіде желдей есіп, тарап кетті. 

Оның тарап кетуіне Нұрқожоеваның өзі себепкер болды. Ол  әлеуметтік желілерде бейнеролик жариялады, онда болашақ күйеу жігітпен бірге Қырғызстан ТЖМ тікұшағымен Бішкек маңындағы шатқалға қалай ұшып жеткені көрсетілген. Елді шулатқан күйеу жігіттің ұсынысын президенттің інісінің қызы қабыл алған. Жастардың бұл әрекеті халықтың кері реакциясын тудырды.

«Мемлекет басшысының жақындары басқаларға үлгі болуы керек. Мен ысырапшылдықты тоқтату керек екенін жиі қайталаймын.  Болашақ күйеу балам мұндай ұсыныс жасамас бұрын ойлануы керек еді. Ол сынға қалмауға, президенттің атына кір келтірмеуге тырысуы керек еді. Менің ойымша, ол мұны жастықтың буымен жасады», - деді Жапаров.

Президент қос ғашық халықтың сынынан кейін дұрыс шешім қабылдайды деген сенім білдірді. 

Сондай-ақ, Жапаров биліктің ТЖМ тікұшақтарын жалға беретінін айтты. Ал одан түскен қаражатты бюджетке жолданады.

Естеріңізге сала кетейік, Ләззат Нұрқожоеваға 24 маусымда Оруу-Сай шатқалында тұрмысқа шығу ұсынысы жасалған болатын. Ол үшін жастар елдің  ТЖМ тікұшағын пайдаланған.  Бұл оқиға халық арасында наразылық тудырды.

«Ел басшыларының туыстары мен жақындары басқаларға үлгі болуы керек, әркімнің тікұшақ жалдауға мүмкіндігі жоқ.  ТЖМ тікұшақтары осылар үшін сатып алынды ма? Президент ысырапшылдықты тоқтату керек дегені қайда», — деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Қазіргі уақытта республика бойынша, мемлекет басшысы атап өткендей, 20-ға жуық тікұшақ бар. Садыр Жапаров туыстарына, бауырларына және олардың балаларына қатаң талаптар қойып отырғанын атап өтті.

«Мен оларға әрқашан бұрынғы билеушілердің қателіктерін қайталаудың қажеті жоқ екенін еске саламын және мемлекеттік істерге араласпауды сұраймын», — деді ол.

Президент інісінің қызының елді шулатқан бұл әрекеті үшін кешірім сұрады.  

«Бұған дейін мен басқаларға сын айтып едім, енді оған өзім де ұшырадым. Халықтан бауырымның қызы үшін кешірім сұраймын, ол әлі жас, халықтың айтып жатқан сынын өзі де естіп жатыр. Ол дұрыс шешім шығарады деген үміттемін », — деп қорытты Садыр Жапаров.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

09:05

08:58

08:49

08:05

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07