Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қырғыз бен тәжік шекарасында тағы шу шықты

Қырғыз бен тәжік шекарасында тағы шу шықты

Оқиға 07.11.2021, 12:09 1,185
Қырғыз бен тәжік шекарасында тағы шу шықты
Cурет: Baq.kz

Тәжікстан жағы әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді


Қырғызстанның Баткен облысында тәжік әскері қырғыз шекарашысына шабуыл жасады: олар оның көлігіне тас лақтырып, ұстауға тырысты. Бұл жөнінде Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің шекара қызметі хабарлады, деп жазды Baq.kz.


Ведомство мәліметіне қарағанда, қырғыз шекарашысы Лейлек ауданының Арка-Борбордук транзит трассасында жеке көлігімен келе жатқан. Жанар-жағармай станциясына жақын маңнан бұрылған кезде тәжік сарбаздары күш көрсеткен.



«Тәжікстанның бес әскери қызметкері қырғыз азаматының көлігіне тас лақтырды. Одан бөлек, Қырғызстан әскери қызметкерін ұстауға әрекеттенді, бірақ онысынан түк шықпады» - делінген ведомство хабарламасында.



Тәжікстан жағы әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді. Қырғызстан және Тәжікстан шекара қызметінің өкілдері аталған оқиғаны талқылайды деп хабарланды.


Жалпы ұзындығы 970-980 шақырым қырғыз-тәжік шекарасының бүгінде тек 519 шақырымы ғана демаркацияланған. Екі ел арасында жерге, суға талас жиі байқалады. Кей уақытта қару қолданылып, адам өліміне дейін ұласады.


Биыл сәуір айының соңында Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында болған қантөгістен кейін екі мемлекеттің топография топтары бірнеше рет кездесіп, хаттамаға қол қойған. Әзірге Бішкек пен Душанбе құжаттарды жариялаған жоқ. Алайда шілде айында кейінгі үш кездесу нәтижесінде екі тарап шекараның 40 шақырымы бойынша келісімге келгені хабарланған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#шекара #Тәжік #қырғыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ғылыми мүмкіндіктер әлеуеті

Бүгін 11:36

Қазақстанның ғарыштағы жолы

Бүгін 11:07

ХҚКО-лардан тағы бір қызмет алынып тасталды

Бүгін 10:47

15 сәуірге дейін мобильді аударымдар тексеріледі

Бүгін 10:34

Әскердегі әлімжеттікті енді ЖИ қадағалайды

Бүгін 10:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика