AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды

Қылмыстық топтың мүшесі Ресейден экстрадицияланды

Заң мен тəртіп Бүгін 12:08 35

Психотроптық заттарды заңсыз өндірумен және таратумен айналысқан, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен Ресей Федерациясынан Қазақстанның азаматы экстрадицияланды. Ол қылмыстық топтың мүшесі бола отырып, Теміртау қаласында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өндіруді ұйымдастырған.

Кейіннен дайындалған психотроптық заттар, сол тектестер Қарағанды облысының аумағында таратылған.

Қылмыстық әрекет нәтижесінде алынған заңсыз кірістерді қылмыскерлер түрлі қаржылық операциялар жүргізу, соның ішінде криптообменниктерді пайдаланумен 1,8 млрд теңгеден астам қаржыны және 600 млн теңгеден астам қаражатты жылжымайтын мүлік, бизнес объектілерімен көлік құралдарын сатып алу арқылы заңдастырған. Аталған активтерді мемлекет кірісіне айналдыру мақсатында оларға тыйым салынған.

Сондай-ақ, аталған қылмыстық топ мүшелерінен 10 килограмға жуық мефедрон тәркіленген.

Қазіргі уақытта қылмыстық топтың жекелеген мүшелеріне қатысты қылмыстық іс сотта қаралуда. Ал басқа сыбайластары, оның ішінде күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынуына байланысты халықаралық іздеуге жарияланған.

Өткен жылдың қазан айында ол Ресей аумағында ұсталып, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.

Бүгінгі күні ол тергеу изоляторына қамалды.

Оған тағылған қылмыстарды жасағаны үшін мүлкін тәркілеумен қатар, 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Осы қылмыстық топтың тағы бір белсенді мүшесі екі ай бұрын Грузиядан Қазақстанға экстрадицияланғанын естеріңізге саламыз.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қала күніне орай Ашық есік күні өтеді

Бүгін 12:21

Алматыда жаңа тұрғын үй сатып алушылардың құқығы қорғалады

Бүгін 12:13

Энергетика вице-министрі Қашағандағы өндірістік нысандармен танысты

Бүгін 12:06

Алматыда жаңа тұрғын үй кешенін жобалағанда не ескеріледі

Бүгін 12:02

Алматыда автокөліктерді эвакуациялау ақысын төлеудің бірыңғай тәртібі ұсынылды

Бүгін 11:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);