AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Қылмыстық топ қымбат көліктерді жалға алып, ломбар...

Қылмыстық топ қымбат көліктерді жалға алып, ломбардқа өткізіп келген

Оқиға 08.06.2022, 03:45 1,021 Almaty-akshamy
Қылмыстық топ қымбат көліктерді жалға алып, ломбардқа өткізіп келген
Cурет: Ашық дереккөз

Тәртіп сақшылары қылмыстық іс бойынша 9 күдіктіні қолға түсірді


Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ арендаға берілген қымбат көліктерге қолдан құжат жасап, ломбардқа өткізіп келген, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Қаладағы ломбардтардың бірінде жұмыс істеген қылмыстық топ басшысы өз тәжірибесіне сүйеніп, қомақты ақша табудың жолын ойлап тапқан. Содан қасына 8 танысын тартқан.


Қылмыстық топтың әр мүшесі өздеріне жүктелген міндетті мүдірмей орындап отырған. Бірі жалға қымбат көліктер табумен айналысса, екіншісі оларға жалған құжат жасаған. Кейін машиналарды автоломбардтарға өткізген.


Осылайша күдіктілер кесте бойынша әрекет етіп, бір жыл ішінде «Lexus LX 570», «Toyota Land Cruiser 200» сияқты қымбат 5 шетелдік көлікті ломбардтарға қалдырып, қаржы алған.


Біраз уақыттан кейін қарыз алушылармен байланысқа шыға алмаған ломбард қызметкерлері алаяқтық туралы полицияға хабарлаған.


Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 40 млн теңгені құрайды.
Тәртіп сақшылары қылмыстық іс бойынша 9 күдіктіні қолға түсірді.



«Қылмыстық іс бірнеше бап бойынша тіркелді: ҚР ҚК-нің 262-бабымен «Ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу», ҚР ҚК-нің 190-бабымен «Алаяқтық», ҚР ҚК-нің 385-бабымен «Жалған құжаттарды, мөртабандарды, мөрлердi, бланкілерді, мемлекеттiк пошта төлемі белгілерін, мемлекеттiк наградаларды қолдан жасау, дайындау немесе өткiзу», ҚР ҚК-нің 386-бабымен «Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу. Қазіргі уақытта ұйымдасқан қылмыстық топтың барлық мүшесі, яғни 9 адам қамауда. Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды», - делінген Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#қылмыс #Автокөлік #Ломбарду
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);