AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мұны білген жөн / Құтыруға қарсы вакцина – өмірді сақтап қалудың жал...

Құтыруға қарсы вакцина – өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі

Мұны білген жөн 20.04.2026, 14:05 190 yakiya
Құтыруға қарсы вакцина – өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі
gov.kz

ДСМ құтыруға байланысты сақтық шараларын еске салды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Былтыр құтырудан Қазақстанда үш адам қайтыс болған. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға үндеу жасап, сақтық шараларын еске салды.

ДСМ Telegram-дағы арнасында жарияланған мәліметке сүйенсек, құтыру ауруының халық арасында таралуы бүкіл әлемде өзекті мәселе болып қалып отыр, себебі бұл дерт орталық нерв жүйесін ауыр зақымдап, өлімге әкеледі. Құтыру 150-ден астам елде кездеседі, жыл сайын әлемде 55 мыңнан астам адам осы аурудан көз жұмады.

2025 жылы республика бойынша құтырудан үш адам қайтыс болған. Жануарлардың тістеуі, тырнауы және сілекейі салдарынан медициналық көмекке 60 153 адам, осы жылдың І тоқсанында 14 134 адам жүгінген. Барлығына көмек көрсетілген.

"Құтырумен күрестің негізгі шарасы – дереу құтыруға қарсы вакцинациялау курсынан өту және тістелген, тырналған немесе сілекей тиген жерді 20 пайыз сабынды ерітіндімен молынан жуу", - делінген хабарламада.

ДСМ құтырудың алдын алу үшін мынадай қауіпсіздік шараларын ұсынады:

жабайы жануарлармен байланысқа түспеу, өйткені сау жабайы жануарлар әдетте адамнан қашқақтайды;

үй жануарларына құтыруға қарсы профилактикалық екпелерді міндетті түрде жасау;

үй жануарының мінезі өзгерсе, басқа жануардан жарақат алса немесе себепсіз өлсе, міндетті түрде ветеринар маманға жүгініп, бақылау орнату немесе өлім себебін анықтау;

егер жануармен (сырттай сау көрінсе де) байланыс болған жағдайда, тұрғылықты жердегі травматологиялық пунктке дереу жүгініп, жараны өңдету және вакцинациялау курсынан өту қажет. Вакцинациялау тегін жүргізіледі. Жараны шаруашылық сабынды молынан қолдана отырып өңдеу;

тағайындалған емнен еш жағдайда бас тартпау және өз бетінше тоқтатпау қажет, себебі бұл қайғылы салдарға әкелуі мүмкін.

"Құтыруды емдейтін дәрі жоқ. Ауру жануар тістеген адам үшін құтыруға қарсы вакцина – өмірді сақтап қалудың жалғыз мүмкіндігі. Сондықтан вакцинациялауды дереу жүргізу қажет.

Арнайы емнің (құтыруға қарсы вакцина және иммуноглобулин алу) тиімділігі тістегеннен кейін медициналық көмекке жүгіну уақытына тікелей байланысты екенін есте ұстау қажет", - деп ескертеді ДСМ өкілдері.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құтырма
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Кеше 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Кеше 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Кеше 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Кеше 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Кеше 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);