ffin.kz

Құтқарушылар қазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады

Құтқарушылар қазақстандықтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады Сурет: Gov.kz

Өткен тәулікте мамандар 372 адамды, оның ішінде 312 бала құтқарды және эвакуациялады.


Қазақстандық құтқарушылар ауа райына байланысты мемлекет азаматтарын қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


30 наурызда «Қазгидромет» мәліметтері бойынша еліміздің Шымкент қаласынан басқа өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. Осы өңірлерде қар және жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге күшеюі ықтимал. 


ТЖ министрлігінде ТЖ-ны жою жөніндегі республикалық штаб құрылды. Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарында осындай штабтар жұмыс жүргізуде. Психологиялық көмек және ақпараттық қолдау көрсету үшін республикалық және аумақтық штабтарда "жедел желі" телефоны жұмыс жасайды. 



«Өткен тәулікте құтқару бөлімшелері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай облыстарында 372 адамды, оның ішінде 312 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Апаттан құтқару жұмыстарына ТЖМ, ІІМ, жергілікті атқарушы органдар мен жол қызметтерінен 539 адам және 277 бірлік техника жұмылдырылды»,- делінген ТЖ министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.




Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарының жылыту пункттерінде 89 адам, оның ішінде 11 бала бар.



Автожолдардың жабық учаскелерінде халықты эвакуациялау үшін 40 уақытша жылыту пункті дайындалды. Жол қызметтері қарды тазалау жұмыстарын жүргізуде.



Халықты ескерту мақсатында ауа райының нашарлауы туралы 74 СМС-хабарлама жіберілді және «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы 56 хабарлама жолданды, 15 телерадиоэфирмен қармау жүргізілді.


Қазіргі уақытта Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында автожолдардың 111 учаскесі жабылды, олардың 52-сі республикалық және 59-ы облыстық маңызы бар жолдар.


Блок-бекеттерде 1 434 бірлік техника, оның ішінде 946 жеңіл, 482 жүк көлігі және 6 автобус тұр: Ақмола облысында – 735 бірлік техника (547 жеңіл және 188 жүк көлігі), Қарағанды облысында – 532 бірлік техника (318 жеңіл, 208 жүк көлігі және 6 автобус), Қостанай облысында – 57 бірлік техника (35 жеңіл, 22 жүк көлігі), Павлодар облысы - 110 бірлік техника (46 жеңіл, 64 жүк көлігі).


Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қатты дауылды желдің салдарынан шатырлардың бұзылуы мен ағаштардың құлауы, сондай-ақ электр энергиясының ішінара ажыратылуы орын алды. Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Алматы облысында төтенше жағдайлардың салдарынан 6 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті.


ҚР ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады! ТЖ болған жағдайда 112 телефонына хабарласыңыз.



«Азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға шақырамыз. Дауыл туралы ескерту хабарламаларын ескеріңіз және қажетті сақтық шараларын сақтаңыз. Елді мекендер арасындағы  тас жолдарына шығуды жоспарламас бұрын, алдағы қозғалыс бағыты бойынша ауа райы болжамын міндетті түрде зерделеу қажет. Ағаштардан, тұрақсыз және сынғыш құрылымдардан аулақ болыңыз», - дейді мамандар.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

21:49

19:02

18:44

18:21

18:04

17:49

17:33

16:55

16:55

16:37

16:15

16:07

15:58

15:19

15:05

14:30

14:22

14:14

13:35

13:10

12:49

12:43

12:32

12:21

12:04