AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Құсбегілік федерациясы ресми түрде Ұлттық спорт қа...

Құсбегілік федерациясы ресми түрде Ұлттық спорт қауымдастығына қосылды

Спорт 24.11.2022, 13:49 1,988 Almaty-akshamy
Құсбегілік федерациясы ресми түрде Ұлттық спорт қауымдастығына қосылды
Сурет: Ашық дереккөз

Ұлттық спортты жандандыру бағытындағы шаралар легі жалғасуда


Бұл туралы Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ұлттық спортты жандандыру бағытындағы шаралар легі жалғасуда. Бүгін Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен Қазақстандық құсбегілік федерациясы арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойдық. Меморандумға сәйкес, Құсбегілік федерациясы ресми түрде біздің Қауымдастықтың құрамына қосылды. 



«Құсбегілік – ерте заманнан халқымыздың тұрмыс салтымен біте қайнасқан саятшылық өнер. Ата-бабадан мирас боп жеткен ұлттық құндылықтарымызды ұлықтау –  бізге жүктелген үлкен жауапкершілік, қасиетті парыз», – деді Ұлттық спорт қауымдастығының президенті.



Сондай-ақ ол құсбегілік өнерді кәсіби тұрғыда дамытып, халықаралық жарыстарда ұлттық спорт ретінде танытуға күш салатынын айтты.



«Бүгінгі басқосу аясында Федерация басшысы Берік Уәли мырзамен құсбегілік өнердің жай-күйін талқылап, төл өнерімізді дамытудағы нақты шаралар жоспарын жасадық. Биыл осы бағытта 7 спорттық шара өтсе, келесі жылы оның санын екі есе көбейтеміз. Құсбегілік өнерді кәсіби тұрғыда дамытып, халықаралық жарыстарда ұлттық спорт ретінде танытуға күш саламыз. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық спортымыздың жаңғыруын айрықша назарда ұстап отыр. Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы осы тұста бірқатар жұмыстарға мұрындық болып келеді. Қазан айында Жаңаөзен қаласында садақ ату бойынша ел чемпионаты өтті. Осы күндері Ақтөбе қаласында Қауымдастық қолдауымен тоғызқұмалақ бойынша VI Әлем чемпионаты өтуде. Оған 15-тен астам елден келген 80 спортшы қатысып жатыр. Ұлттық болмысымызды жаңғырту ісіндегі жұмысымыз жемісті болып, игі шаралар легі арта береді деп сенемін», – деді Исламбек Салжанов.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құсбегілік #Ұлттық спорт ойындары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдағы автопарктердің бірінен катализаторсыз автобустар анықталды

Бүгін 09:48

Такси жүргізушілері нені білуі тиіс?

Бүгін 09:21

Әкімдіктен Үкіметке

Бүгін 09:02

Халықаралық білім беру корпорациясының әскери кафедрасында студенттердің әскери ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті

Бүгін 08:44

Жаңбыр, найзағай: бірқатар өңірге дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:33
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);