Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Нарық / Құрылыс материалдарын 15% дейін арзан бағамен алуғ...

Құрылыс материалдарын 15% дейін арзан бағамен алуға болады

Нарық 03.08.2021, 14:00 1,950
Құрылыс материалдарын 15% дейін арзан бағамен алуға болады
Сурет: Aktobetimes.kz

«Маркетплейс» ақпараттық алаңы құрылыс материалдарының құнын 15% дейін төмендетуге мүмкіндік береді және нарықтың ашықтығын қамтамасыз етеді.


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев бүгін Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығын арттыруға және жалпы құрылыс саласының жұмысына ықпал ететін жаңа цифрлық алты жоба туралы айтып берді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz аталған министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.



Қайырбек Өскенбаевтың айтуынша, құрылыстың ашықтығын қамтамасыз ету үшін мемлекеттік тапсырыспен салынып жатқан нысандар бойынша барлық деректер (құрылыс материалдары мен жұмыс кестесін қоса алғанда) келесі жылдан бастап Е-Qurylys бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы қадағаланады. Барлық төлемдер өз кезегінде Blockchain-платформасы арқылы осы жүйеге енгізілген ақпарат негізінде жүзеге асырылады.



Нәтижесінде бюджеттен жұмсалған әрбір теңгені пайдалану барынша ашық жүргізіледі. Мемлекеттік нысандардағы құрылыс процесін цифрландыру (жасырын жұмыстардың барлық журналдарымен және орындалған актілермен) жұмыстары басталды. Келесі жылдан бастап процесс толығымен автоматтандырылады. Бұдан басқа, құрылыс жобаларының мемлекеттік дерекқоры негізінде ҚР ИИДМ мамандары ірілендірілген сметалық нормативтерді пысықтап, қалыптастырды. Сондай-ақ, құрылыс объектісінің шекті құнын жылдам есептеуге мүмкіндік беретін және оның құнын асыра бағалауды болдырмайтын онлайн-калькулятор әзірледі. Калькулятор мемлекеттік сараптама порталында бекітілген (epsd.kz). Тағы бір цифрлық жаңалық – отандық құрылыс материалдарын онлайн-сатуға арналған «Маркетплейс» ақпараттық алаңы.



Отандық өндірушілер мемлекет қолдауымен ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасуға және құрылыс материалдарын белгіленген құнымен сатуға мүмкіндік алады. Құрылыс салушыларға да тиімді»,-деп есептейді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі.



Сондай-ақ, құрылыстағы жергілікті қамту үлесін арттыру үшін ҚР ИИДМ қолданылатын құрылыс материалдарының толық номенклатурасын көрсететін электрондық тізілім жасады. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілерде отандық құрылыс материалдарын міндетті түрде қолдану жөніндегі талаптар заң жүзінде бекітілді.


Е-Qurylys жүйесінің блокчейн-тетіктері арқылы сатып алынған отандық құрылыс материалдары бойынша мердігерлердің есептері Мемлекеттік сатып алу порталында көрсетіледі және объектінің жобалық-сметалық құжаттамасында көрсетілген деректермен автоматты түрде салыстырылады. Порталдарды интеграциялау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс #Материал #арзан #онлайн #алаң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Азия чемпионатында велотректен екінші алтын медаль алды

Бүгін 17:21

Алматыда салынып жатқан әкімшілік ғимараттың шатыры өртенді

Бүгін 16:00

Қазақстанның бірқатар өңірінде көшкін қаупі әлі де жоғары

Бүгін 15:08

Қызылордада 121 адамды алдаған интернет-алаяқ сотталды

Бүгін 14:10

Испанияда эвтаназия құқығына қол жеткізген 25 жастағы қыз көз жұмды

Бүгін 12:30
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика