AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Құрсаққа біткен 11 шаранасы шетінеп кеткен алматыл...

Құрсаққа біткен 11 шаранасы шетінеп кеткен алматылық әйел сәбилі болды

Медицина 10.12.2024, 17:20 800 dulatbekova
Құрсаққа біткен 11 шаранасы шетінеп кеткен алматылық әйел сәбилі болды
Сурет: Pixabay.com

Алматыда 44 жастағы әйел 12-ші рет бала көтеріп, дәрігерлердің арқасында алғашқы сәбиін қолына алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Әйел Алматының №2 қалалық перинаталдық орталығына жүктіліктің 15-ші аптасында жеткізілген.

Ведомствоның мәліметінше ол бұған дейін 11 рет жүкті болып, барлық бала жатырда шетінеп кеткен. Екі экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) да сәтсіз аяқталды. Бұл оның соңғы мүмкіндігі болған.

Біз консилиум өткізіп, науқасты гематологқа жібердік. Ол бұрын диагноз қойылмаған антифосфолипидтік синдромды анықтады. Ол жүктіліктің үзілуіне себеп болды. Біз асқынулардың алдын алуға көмектесетін емдеуді бастадық, - деді № 2 қалалық перинаталдық орталықтың директоры Светлана Рахимова.

Дәрігерлер әйелді жеті рет тексеріп, үнемі бақылап, ішіндегі баланы аман алып қалу үшін дәрі-дәрмегін берген. Соның арқасында әйел баласын 34-ші аптасына дейін аман-есен көтеріп жүрген. 34-ші аптадан кейін әйелдің қан қысымы көбейіп, преэклампсия басталған соң, дәрігерлер әйелді шұғыл түрде босандырған. Көптен күткен, салмағы 2700 грамм ұл бала дүниеге келді. Анасы мен баласын үйіне шығардық, қазір денсаулықтары жақсы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#көп күттірген сәби #ана #бала #денсаулық
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық палуан Азия Чемпионы атанды

Бүгін 21:53

Баку құрылтайының 100 жылдығы: ҚазҰУ-да түркологияның жаңа бағыттары талқыланды

Бүгін 20:11

«Жас бүркіт» қатары толықты: Алматыда әскери-патриоттық сынып ашылды

Бүгін 19:25

Мақпал Жүнісова мен Татьяна Бурмистрова марапатталды

Бүгін 19:01

Еркебұлан Еңсегенов таеквондодан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Бүгін 18:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);