Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Құқығы бұзылған балалар енді БҰҰ-ға шағымдана алад...

Құқығы бұзылған балалар енді БҰҰ-ға шағымдана алады

Заң мен тəртіп 25.03.2023, 11:37 987
Құқығы бұзылған балалар енді БҰҰ-ға шағымдана алады
сурет:baribar.kz

Жобаның мақсаты – құқықбұзушылықтың алдын алу.


Оқу-ағарту министрлігі «Бала құқықтары туралы конвенцияға хабарламалар рәсіміне қатысты факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заң жобасын әзірледі. Құжат Ашық НҚА порталында жарияланған, деп хабарлайды Аlmaty-akshamy.kz.



«Бала құқықтары туралы хаттама мен конвенцияға қатысушы мемлекеттер нәсіліне, түсіне, жынысына, тіліне, дініне, саяси немесе өзге де нанымдарына, ұлттық, этникалық немесе әлеуметтік тегіне, мүліктік жағдайына, жай-күйіне қарамастан, өз юрисдикциясындағы әрбір бала үшін онда көзделген барлық құқықтарды тең таниды», - делінген құжатта.



Сонымен бірге осы келісімге сай, құқығы сақталмаған балалардың өзі немесе олардың ата-анасы Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқықтары жөніндегі комитетіне тікелей шағым түсіре алады.



«Жобаның мақсаты - балаларға және олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне) БҰҰ-ның Бала құқықтары туралы комитетіне баланың құқықтары туралы конвенцияда бекітілген өз құқықтарының бұзылуы туралы шағым беруге мүмкіндік беру. Егер бұл бұзушылықтар ұлттық соттарда толық шешілмеген болса, сондай-ақ тәуелсіз және бейтарап органдарға өтініштерді жолдау арқылы мемлекет бұзған баланың негізгі құқықтарын қорғау тетігін дамыту», - деп көрсетілген құжатта.



Хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасы 7 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Балалар құқығы #ата-ана құқығы #БҰҰ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«BIR TOLQYNDA» диалог алаңының қатысушылары жаңа Конституцияны қолдады

Бүгін 18:32

Өнер өкілдері жаңа Конституцияны қолдайтынын білдірді

Бүгін 18:29

Алматы депутаттары нақтыланған бюджетті қолдады

Бүгін 17:45

Антиқоғамдық әрекеттер жасалған: Алматыда түнгі клуб жабылды

Бүгін 17:42

Өмірді жинақтаушы сақтандыру: ол қалай жұмыс істейді және не үшін қажет?

Бүгін 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі