AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Құмар ойынға тәуелділікпен күрес күшейтілді: лудом...

Құмар ойынға тәуелділікпен күрес күшейтілді: лудоманияның алдын алу қалай жүріп жатыр?

Әлеумет 08.01.2026, 17:10 587 dulatbekova
Құмар ойынға тәуелділікпен күрес күшейтілді: лудоманияның алдын алу қалай жүріп жатыр?
Сурет: leto.clinic

Қазақстанда құмар ойынға тәуелділік - лудоманияның алдын алу бағытындағы жұмыс күшейтілді, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Туризм және спорт министрлігі бұл мәселені азайту үшін 2024-2026 жылдарға арналған заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы кешенді жоспарды жүзеге асырып жатыр. Құжат Қазақстан Үкіметінің қаулысымен бекітілген.

Лудоманияның ауқымы зерттелді

Жоспар аясында министрлік республика көлемінде әлеуметтік зерттеу жүргізді. 6 мың адам қатысқан сауалнама құмар ойындарға тәуелділіктің себептері мен таралу деңгейін анықтауға мүмкіндік берген.

Сонымен қатар:

  • мектеп оқушылары мен студенттерге арналған алдын алу әдістемелері әзірленді;

  • тәуелділікті ерте анықтауға бағытталған ұсынымдар дайындалды;

  • білім беру ұйымдары мен әскери бөлімдерде 800-ден астам педагог пен психолог арнайы оқытудан өтті;

  • профилактикалық сабақтарға арналған бейнематериалдар әзірленді.

Мектептен мешітке дейінгі түсіндіру жұмыстары

Кешенді жоспарға сәйкес, бірқатар орталық мемлекеттік органдар да профилактикалық шараларға белсенді атсалысты:

  • 6 мыңнан астам мектептің тәрбие жоспарына лудомания мен интернетке тәуелділіктің алдын алу тақырыптары енгізілді;

  • ата-аналарды қолдау орталықтарының бағдарламалары жаңартылды;

  • діни қызметкерлердің қатысуымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 1 миллионнан астам адам қамтылды;

  • жоғары оқу орындарында 400-ден аса салауатты өмір салтын насихаттайтын іс-шара өтті;

  • әскери бөлімдерде дөңгелек үстелдер, конференциялар мен сауалнамалар ұйымдастырылды.

Лудоман адамдарға қандай көмек көрсетіледі?

Құмар ойынға патологиялық бейімділігі бар азаматтарға:

  • медициналық-әлеуметтік көмек,

  • мамандандырылған оңалту орталықтары арқылы қолдау,

  • психологиялық кеңес беру қызметтері ұсынылады.

Сонымен қатар республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы базасында лудоман адамдар мен олардың жақындарына арналған колл-орталық жұмыс істейді.

2024 жылдың сәуірінен бастап мемлекеттік қызметшілерге арналған арнайы семинарлар да тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Мамандардың айтуынша, құмар ойынға патологиялық бейімділік халықаралық деңгейде ресми танылған. Ол Халықаралық аурулар жіктемесінде F63.0 коды бойынша тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек:

  • 2024 жылы мемлекеттік медициналық ұйымдарға 69 адам осы диагнозбен жүгінген;

  • 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында 35 адам медициналық көмек алған.

Бұл деректер лудоманияның алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырудың маңызын көрсетеді.

Туризм және спорт министрлігі құзыреті аясында қоғамдық денсаулықты қорғау және құмар ойындарға жауапты көзқарасты қалыптастыру бағытындағы профилактикалық шараларды жалғастыратынын мәлімдеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#лудомания #құмар ойынға тәуелділік #Күрес #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда құқықтық мәдениет тақырыбын көтерген конференция өтті

Бүгін 10:35

Сейфуллин – Жансүгіров көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығының құрылысы аяқталды

Бүгін 10:18

Алматыда JAN Production киностудиясының директоры қамалды

Бүгін 09:10

Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жарияланды

Бүгін 08:39

Қазақстан құрамасы көркем гимнастикадан Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды

Кеше 17:41
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);