AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Құлдықтан құтылған қария

Құлдықтан құтылған қария

Оқиға 29.05.2023, 16:30 1,151 Almaty-akshamy
Құлдықтан құтылған қария
Сурет: Ашық дереккөз

Бейтаныс жан қарияны қайыр тілеуге мәжбүрлеген


«Құлдықта ұстап, қайыр тілеп ақша табуға мәжбүрледі». 10 жылдан астам уақыт бақыр сұрап, бейтаныс адамдардың қыспағынан күні кеше босап шыққан 66 жастағы әйел бар сұмдықты жайып салды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.


Тағдырдың қатал сынына ұшыраған кейуананың көрмегені жоқ. Оның айтуынша, жаздың ыстығы, қыстың суығына қарамастан, далаға тастап, күнде «салық» салып отырған. Жоспарды орындамаған күні оңбай таяқ жеп, миына да зақым келген көрінеді.


Бейнежазба Алматыдағы базардың бірінде көпірде түсірілген. Бір қарағанда қайыр сұрап отыр дерсің, бірақ көмек сұраған қартқа керегі ақша емес. Төсіндегі қағазға жазылған нөмірдің, оған тіпті қатысы да жоқ. Бостандықты аңсаған әйелдің айтуынша, оны осы уақытқа дейін бейтаныс адамдар құлдықта ұстап, қорлық көрсетіп келген. Күнде қайыр тілеуге шығарып, айтқан соманы жинамаған кезде күш те қолданған көрінеді.



– Барлығын тартып алатын. Күні бойы жинаған ақшадан дым татырмайтын. Таңертең базар жақтағы көпірге қалдырып, кешке алып кетіп жүрді. Олар қалаған соманы жинай алмасаң, ит қорлық көрсететін. Оңбай ұрып, сұлатып түсіреді. Содан болар, есімді жөнді білмеймін. Құлдықта менен де басқа адамдар болды. Оларды қаланың басқа жағына тастайды, – деді жәбірленуші



66 жастағы әйел қазір оңалту орталығында ем алып жатыр. Оны бейтаныс адамдардың қыспағынан еріктілер құтқарып алған. «Құлдықтан босап шыққан» қарияның жанашыр туысы не іздейтін жақыны жоқ. Құжаттан да жұрдай. «Арам пиғылдылар да осы қауқарсыздығын біліп, жоспарын іске асырды» дейді көмек бергендер.



– Бір кісі келді. Бетін тұмшалап алған, басында орамал. Ол келді де, «апаны бермеймін. Ол біздікі» деді. «Сіз кімсіз?» деп сұрасам, апаның төсіндегі телефон нөмірді жұлып алды. Сосын ол камераға түспейтінін айтты. Апаны бермеуге тырысты. Біз қарсыласып, алып кеттік, – деді  «Әділ» қайырымдылық қорының директоры Оксана Маралова.



Қайырымдылық қорының директоры бұған дейін құзырлы органдарға шағымданғанын, алайда олар арызды қабылдамағанын айтты. Сондықтан түсірілім кезінде полицияны шақырған.



– Арызын қабылдаймыз. Толыққанды тексеру жүргізіп, дене жарақатына қатысты тиісті сараптама тағайындалып, жаңағы көрсетілген нөмір арқылы банктерге сұраныстар жіберу арқылы, оның кімге тиесілі және қанша қаражат түсіп отырғанын білеміз. Тергеу әрекеті толық аяқталған кезде, мәлімдеме беретін боламыз, – деді Наурызбай аудандық полиция басқармасының тергеушісі Мұхамедәлі Абдинаби.



Алақан жайып, қайыр тілегендерді базар маңындағы көпірден ғана емес, қаланың басқа жерінен де кездестіруге болады. Алайда олардың расында қандай көмекке мұқтаж екенін екінің бірі сұрап біліп жатқан жоқ.


Айта кететіні, бүгінгі қоғамда өзгенің басына түскен қайғыны өзінің кәсіп көзіне айналдырғандар да бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Құлдық #қария
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);