AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / ҚР Ұлттық кітапханасы жаңа сирек қолжазбамен толық...

ҚР Ұлттық кітапханасы жаңа сирек қолжазбамен толықты

Мәдениет 12.09.2025, 16:01 977
ҚР Ұлттық кітапханасы жаңа сирек қолжазбамен толықты
Сурет: Ortcom.kz
ҚР Ұлттық кітапханасының қорына қоғам қайраткері, мәдени мұра жанашыры Ақан Таңжарықұлының жеке жинағында сақталған аса құнды қолжазбалар ресми түрде тапсырылды.
 
Қолжазбаларды қабылдау рәсімі Қазақстан қолжазбатанушылар қауымдастығының II отырысы аясында өтті, - деп хабарлайды Aqshamnews.kz.

Жиынға еліміздің белгілі қолжазбатану және шығыстану саласының ғалымдары, кітапхана қызметкерлері мен жас зерттеушілер қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Қазақстандағы қолжазба мұраларды жүйелі түрде зерттеп, сақтау және ғылыми айналымға енгізу. Жиында зерттеулердің әдістемелік және құқықтық негіздері талқыланып, қолжазбатану ғылымының қазіргі даму үрдістері айқындалды. Сондай-ақ, отандық және халықаралық ғылыми қауымдастық арасындағы кәсіби байланысты нығайту мәселелері көтерілді.

Отырыс барысында қатысушылар «Қазақстандағы мемлекеттік және жеке қолжазба қорлары: ғылыми-практикалық маңызы, заңнамалық, құқықтық мәселелері» тақырыбында баяндама жасап, қолжазбаларды сақтау мен пайдалану кезінде туындайтын өзекті мәселелерді атап өтті. Сонымен қатар ғылыми және құқықтық тұрғыда шешуді қажет ететін жайттар да көтерілді.

Сонымен қатар Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы «Жазба жәдігер және рухани мұра» ғылыми-зерттеу орталығының бастамасымен жарық көрген Сұлтан Әли Табиб әл-Хорасанидің «Емшілік дәстүрі» атты еңбегінің таныстырылымы өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық кітапхана #сирек қолжазба
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласындағы Almaty Theatre сахнасында «Cinema Hits» концерттік жобасы өтті

Бүгін 19:04

«Әзірет Сұлтан» музейі Ясауи тағылымын анимация арқылы танытты

Бүгін 17:15

Алматыда 1,2 тоннаға жуық мерзімі өткен дәрі-дәрмек жиналып, қауіпсіз жолмен жойылды

Бүгін 16:24

Қазақстан Халық Кеңесі Батыс Қазақстан облысында  «Жаңа қоғамдық этика: мәдениет, әдеп, әдет» республикалық форумын өткізді

Бүгін 15:53

Алматыда туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін ICONIC Tourism Award сыйлығы алғаш рет табысталады

Бүгін 14:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);