AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚР Үкіметі сот реформасы бойынша заңнамалық түзету...

ҚР Үкіметі сот реформасы бойынша заңнамалық түзетулердің екінші блогын қолдады

Әлеумет 13.12.2023, 04:24 896
ҚР Үкіметі сот реформасы бойынша заңнамалық түзетулердің екінші блогын қолдады
primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакировпен кездесу өткізді, оның барысында сот жүйесін реформалау жөніндегі заңнамалық түзетулердің екінші блогы талқыланды.


Бұған дейін Жоғарғы Сот төрағасы Асламбек Мерғалиев Мемлекет басшысына ұсынылып отырған жаңашылдықтар туралы хабардар еткен болатын.


Түзетулерді Сенат алаңында арнайы құрылған жұмыс тобы әзірледі. Өзгерістер «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға, процестік кодекстерге, сондай-ақ бірқатар арнайы заңдарға енгізіледі.


Жоғарғы Сот төрағасы ұсынған негізгі жаңашылдықтардың бірі – қылмыстық және азаматтық істер бойынша кассациялық өтінішхаттарды алдын ала қарауды алып тастау.


Бұл ретте ел Президентінің тапсырмасы бойынша қазір дербес кассациялық инстанциялар құру мәселесі пысықталып жатқанын айта кету керек.


Заң жобасы сондай-ақ Сот алқасының және Сот төрелігі сапасы жөніндегі комиссияның жұмысын жетілдіруге, судьялардың тәуелсіздігін күшейтуге бағытталған.


Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында апелляциялық немесе кассациялық сатыдағы сот актісінде көрсетілген өрескел бұзушылықтардың барлық фактісі автоматты түрде Сот алқасына берілетін жаңа механизм енгізілуде.


Сондай-ақ бағалау көрсеткіштерінің саны оңтайланады, отставкадағы судьялар үшін әлеуметтік пакет жақсарады, мемлекеттік қызметкер болып табылмайтын заңгерлер үшін Сот төрелігі академиясында оқу қолжетімді болмақ.


Н. Ахметзакиров заң жобаларын іске асыру бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етпейтінін атап өтті. Шығындар ел Президентінің тапсырмасы бойынша енгізілген сот жүйесін (барлық мемлекеттік органдар шығындарының жалпы сомасынан кемінде 6,5%-ы) қаржыландырудың жаңа моделі аясында жүзеге асырылады.


ҚР Конституциясының 61-бабына сәйкес енгізілген түзетулер бойынша қабылданған Үкіметтің оң қорытындысы Мәжілісте заң жобаларына одан әрі бастамашылық жасау үшін Парламент депутаттарына жолданады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #сот #Реформа
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03

Алматыда Қазақстан халқының бірлігі күні аталып өтті

Бүгін 14:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика