AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / ҚР Қарулы Күштері ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар...

ҚР Қарулы Күштері ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар операторын дайындайды

Білім және ғылым 26.02.2022, 11:12 2,547 Almaty-akshamy
ҚР Қарулы Күштері ұшқышсыз басқарылатын құрылғылар операторын дайындайды
Cурет: Қорғаныс министрлігі

Бес жыл ішінде Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын даярлау орталығы 100-ден астам әскери қызметші дайындады


Әуе қорғанысы күштерінің ҰҰА мамандарын даярлау орталығында  ұшқышсыз ұшатын аппараттарды басқару бойынша мамандарды оқыту курсы өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Болашақ ҰҰА операторлары бұл құрылғының теориялық негіздерін және олардың материалдық бөлігін зерделейді. Сынақтар тапсырған соң білім алушылар ұшқышсыз ұшу аппараттарын алғаш рет өздері басқарып ұшыратын болады.


Қарулы күштердің қатысуымен өткізілетін оқу-жаттығулар мен іс-шараларды қамтамасыз ету барысында ұшқышсыз ұшу аппараттарымен жұмыс жасауда мол тәжірибесі бар білікті мамандар сабақтарды жүргізеді.



«Қазақстан Президентінің тапсырмасына сәйкес Қарулы күштерді кешенді және жүйелі дамыту, елдің қорғаныс қабілетін одан әрі арттыру жөніндегі міндеттерді іске асыруда. Ұшқышсыз ұшатын технологияларды енгізу мен оларды қолдануға назар аударуда, олардың қолданылу аясы мен сұранысы кеңейу үстінде. Сонымен қатар, тиісті мамандарды даярлау қажеттілігі де артуда», - делінген хабарламада.




Бес жыл ішінде бұл Орталық 100-ден астам әскери қызметші дайындады. Алғашқы оқыған мамандар бүгінгі күні әскери бөлімдерінде өздерінің білімдерін бөлісуде. Өткен жылы курстық дайындыққа алғаш рет Зымыран әскерлері мен артиллерия өкілдері тартылды. Онда ұшқышсыз ұшатын құрылғыларын барлау мақсаттарына, атысты бағыттауға және оқ атуды түзетуге кеңінен қолданылады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қорғаныс #дрон #әскер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);