AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қостанайда төтенше жағдай жарияланды

Қостанайда төтенше жағдай жарияланды

Әлеумет 06.04.2024, 07:17 799
Қостанайда төтенше жағдай жарияланды
Сурет: «Қостанай таңы» газеті

Қостанай қаласының тасқынға қарсы жедел штабының мәліметінше, Қаратомар су қоймасынан көп көлемде су ағызылуына байланысты, жағдай ушыққан, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.


Осы жылы, "Қазгидрометтің" болжамы бойынша, ең ірі Жоғары Тобыл және Қаратомар су қоймаларына жалпы көктем маусымында 450-ден 700 млн текше метрге дейін су түсуі ықтимал делінген-ді. Мұның өзі — жылдық орташа 413 млн текше метр межемен алғандағы жорамал еді. Алайда соңғы 2 күнде қос қоймаға 1 млрд текше метр су жиналды. Мамандар мұншалық ауқымдағы суды 1980 жылдан бері көрмегендерін айтып отыр.


Қазіргі уақытта, Қаратомар су қоймасының шамадан тыс толып кетуіне байланысты, артық суды ағызу секундына 10 текшеден басталып, 1,5 мың текше метрге дейін жеткізілді. Ал мұның салдары қаланың жағалауға жақын аумақтарына зор қауіп-қатер төндіріп тұр. Атап айтқанда, "Дорожник", "Садовод", "Мичуринец" бау-бақша қоныстарын және "Колесные ряды" ауданын су жайлауы мүмкін.



"Аталған аумақтардың тұрғындары құзіретті органдар бірінші талап еткен сәттен бастап, ұйымдасқан түрде эвакуацияға кірісуі керек. Бұл шарада егде кісілерге, жүріс-тұрысы қиын азаматтар мен балаларға ерекше көңіл бөлу сұралады. Алдын ала құжаттарыңыз бен алғашқы қажеттілігі бар заттарыңызды даярлап қойыңыздар. Сіздерге автобустар жіберіліп, олар эвакопункттерге қатынайды. Уақытша қоныстарда ас-ауқат және жатын орын әзірленген", - делінеді қалалық штаб хабарламасында.



Қостанай қаласы аумағында тұрғындарды эвакуациялауға арналған бірнеше пункт әзірленіп қойылған. Олар:



  •  ҚР ІІМ Академиясының жатақханасы;

  •  Қостанай индустриялық-педагогикалық колледжі;

  • Қостанай автомобиль көлігі колледжі;

  • Қостанай қызмет көрсету салалары колледжі;

  • Қостанай құрылыс колледжі;

  • "Дружба" профилакториясы;

  • № 2 мектеп-лицей спорт залы;

  • № 14 ЖББМ;

  • С. Мәуленов атындағы гимназия;

  •  № 19 және № 20 мектептер;

  • Физика-математика лицейі.



"Құрметті қостанайлықтар! Эвакуация кезінде дүрбелеңге салынбай, құқық қорғау органдары мен ТЖ қызметкерлерінің заң жүзіндегі барлық талаптарын орындауларыңызды сұраймыз! Егер тасқын жеңіл өтер болса, адамдар қалдырып кеткен тұрғын үй алаптарын тәртіп сақшылары күзететін болады", - делінеді штаб үндеуінде.



Сондай-ақ қажет жағдайда 102 немесе 109 телефон нөмірлері арқылы тиісті орындарға жүгінуге болады.


Қостанай ауданында төтенше жағдай режимі енгізілді


Қостанай ауданы әкімінің 2024 жылғы 5 сәуірдегі № 4 шешімімен, аудан аумағында қалыптасқан гидрологиялық жағдайға байланысты, жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды.


Өзендердегі су деңгейіне тәулік бойы мониторинг жүргізіліп жатыр. Жағалауды нығайту, еріген қар суын сору және ағын бағытын бұру жұмыстары жалғасу үстінде.


Көктал ауылының тұрғындары қауіпсіз жерге көшірілді
Әулиекөл ауданында Теректі өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты Көктал ауылынан 32 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Бірінші кезекте зейнеткерлер мен балалар алдын ала эвакуацияланып отыр. Эвакопункт Әулиекөл бастауыш мектебі жанындағы интернатта орналасқан.


Жергілікті атқарушы органдар су ағыны алдын қапшықтармен бөгеу, су сорғылау, инертті материалдарды үю, толтыру, айналма арналар жылу жұмыстарын жүргізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай #қарғын су #тасқын #төтенше жағдай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Кеше 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Кеше 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Кеше 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Кеше 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Кеше 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);