AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қостанайда қауіп сейілер емес

Қостанайда қауіп сейілер емес

Әлеумет 01.04.2024, 04:43 881
Қостанайда қауіп сейілер емес
Сурет: inbusiness.kz

Қостанай облысының құтқарушылары өңірде су тасқыны жағдайы ушығып бара жатқанын ескертті. Қардың күрт еруі мен жауын-шашынға байланысты 14 аудан қауіпті аймаққа енгізілді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



"Төтенше жағдайлар департаменті "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша 31 наурыздан бастап Қостанай облысының аумағында ауа температурасы күндіз +20 градусқа дейін көтерілуі мен аптаның ортасында түнде облыстың солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауатынын хабарлайды. Осыған байланысты, облыстың оңтүстік өңірлерінде су тасқыны жағдайының қайтадан қиындау қаупі жоғары", - делінген хабарламада.



Мәселен, Қарасу, Әулиекөл, Наурызым, Қамысты, Сарыкөл, Алтынсарин, Меңдіқара және Ұзынкөл аудандарын су басуы мүмкін.


Бұған қоса, Ресей Федерациясының аумағынан ірі өзендер арқылы су ағыны артуы мүмкін.


Жітіқара, Денисов, Қостанай, Қарабалық, Федоров аудандары мен Бейімбет Майлин ауданы су ағынының қауіпті аймағында орналасқан.


Айта кетейік, Қостанай облысы су тасқынына байланысты қиын жағдайға тап болды.


Күні кеше Арқалық маңындағы ауылдар су астында қалып, Қостанай іргесіндегі Амангелді ауылын да су басты. 


Жангелді, Амангелді аудандары мен Арқалық қаласы да қиын жағдайда. Онда 28 наурызда төтенше жағдай жарияланды.


Аймақ басшысы Құмар Ақсақалов су тасқынынан зардап шеккен тұрғындардың шығынын әкімдік өтейтінін айтты.


Кейін Қостанай облысының әкімдігі келтірілген шығынның қалай есептелетінін және төлемнің қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді.


Қазір су басқан аумақтардағы электр қуатын және коммуникацияларды қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Жангелді ауданы мен Амангелді ауданының жарты елді мекендерінде әлі жарық жоқ.


Табиғи апатпен күреске аймақ белсенділері де атсалысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қостанай #қарқын су #төтенше жағдай #оқиға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Досхан Жолжақсыновты мерейтойымен құттықтады

Бүгін 16:41

Алматы әкімінің орынбасары Бейбіт Шаханов азаматтарды жеке қабылдады

Бүгін 16:31

Қырғызстан қант импортына алты айға тыйым салынады

Бүгін 16:12

Көші-қон порталы арқылы қалай өтінім беруге болады?

Бүгін 15:06

3,4 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты

Бүгін 14:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);