Қош келдің, әз- Наурыз!

Қош келдің, әз- Наурыз! Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Наурыз мерекесіне орай Алматының әр ауданда концерттер мен мерекелік іс-шаралар өтеді.


Алатау ауданында концерттік бағдарлама 21-23 наурыз аралығында сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда (Нұркент ш/а., 6) үш күн бойы өтеді.


Әуезов ауданында концерттік бағдарлама 22 наурызд  сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін аудан әкімдігінің алдындағы алаңда (Алтынсарин даңғылы, 23) өтеді.


Бостандық ауданында киіз үйлер көрсетілімі, қолдан жасалған бұйымдар көрмесі және концерттік бағдарлама 21 наурызда сағат 11:00-ден 14:00-ге дейін «MEGA Center Alma-Ata» СОО алдындағы алаңда (Розыбакиев көшесі, 247а) өтеді.


Жетісу ауданында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерттік мерекелік іс-шаралар 21 наурызда Құлагер шағын ауданындағы «Гүлдер» саябағында (Серіков көшесі, 2а) сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін өтеді.


Түрксіб ауданында ұлттық спорт түрлері бойынша көрсетілімдері бар мерекелік концерттер 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін С.Сейфуллин атындағы саябақта (Шолохов көшесі мен Щербаков көшесінің қиылысы) өтеді.


Наурызбай ауданында  концерттік бағдарлама 22 наурыз күні сағат 11:00-ден 15:00-ге дейін Абай даңғылында (Алатау даңғылы мен Строительная көшесінің арасында) өтеді.


Алмалы ауданында негізгі іс-шаралар «Астана» алаңында өтеді: 21 наурыз 11:00-ден 22:00-ге дейін және 22 наурыз 12:00-ден 22:00-ге дейін мерекелік бағдарлама, театрландырылған шоу, цирк әртістерінің қойылымы, ұлттық спорт түрлері бойынша ойындар және т.б.


Алматының Арбатында -  (Жібек жолы даңғылы мен Панфилов көшесінің қиылысы) 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін қуыршақ театрының актерлері, халық жанрының артистері өнер көрсетеді, сонымен қатар, кітап жәрмеңкесі мен қолөнершілер көрмесі өтеді. 22 наурызда сағат 13:00-ден 18:30-ға дейін этно-фольклорлық ұжымдар өнер көрсетеді.


Сондай-ақ, Панфилов жаяу жүргіншілер көшесінде Жүргенов атындағы ҚазҰӨА ғимаратының алдында 21 наурыз күні сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін қуыршақ театрының, танымал музыкалық ұжымдардың және өнер академиясының студенттерінің мерекелік бағдарламасы өтеді.


22 наурызда сағат 13:00-ден 18:30-ға дейін этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдарының, «Алматы әуендері» артистерінің және вокалдық-аспаптық ансамбльдің қатысуымен концерттік бағдарлама өтеді.



Медеу ауданында - 21 наурыз күні сағат 12:00-де Абай атындағы алаңда* Наурыз мейрамы аясында Наурызды тойлайтын елдердің мәдениеті мен дәстүрлерін біріктіретін «Nauryz Fest» халықаралық фестивалі өтеді. Сондай-ақ, 21 және 22 наурызда сағат 19.00-ден 22.00-ге дейін эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

10:32

10:28

10:27

10:19

10:12

02:24

17:55

17:40

17:32

17:09

16:39

16:28

16:15

16:14

16:07

16:06

14:40

14:30

14:26

14:20

12:56

12:53

12:51

12:30

12:03