конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында...

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Алматы 01.05.2026, 15:03 352
Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті
Алматы әкімдігі

1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні Алматы халықаралық әуежайында шетелдік қонақтарды қарсы алу ерекше форматта ұйымдастырылды. Қалаға табан тіреген сәттен-ақ туристерге ұлттық нақыштағы естелік сыйлықтар ұсынылып, қазақы қонақжайлылықтың айрықша үлгісі көрсетілді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл игі бастама Алматы қаласының Туризм басқармасы, халықаралық әуежай, Шекара қызметі мен кеден органдарының бірлесуімен жүзеге асты. «Халықаралық қонақтарға арналған қарсы алу сыйлығы» атты жоба әрбір мейманға деген шынайы құрмет пен ілтипаттың белгісіне айналды.

Осы күні Алматымен танысу дәстүрлі туристік бағыттардан бұрын әсерден бастау алды. Жылы жүзбен қарсы алу, ақ пейіл мен мерекелік көңіл күй Бірлік күнінің негізгі мазмұнын — татулық, бейбітшілік және мәдени әртүрлілікті айқын сездірді.

Соңғы жылдары Алматыға деген қызығушылық айтарлықтай артып келеді. 2025 жылдың қорытындысы бойынша қалаға 754 мың шетелдік турист келсе, биыл бұл көрсеткіш 800 мыңнан аспақ. Бұл Алматының өңірдегі жетекші туристік орталықтардың бірі ретіндегі мәртебесін нығайта түседі.

Туризм басқармасы өкілдерінің айтуынша, мұндай жобалар қала туралы алғашқы оң әсер қалыптастыруға бағытталған жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып отыр. Алматы өзін ашық, заманауи әрі қонақжай шаһар ретінде танытып келеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #әуежай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы әкімі Мемлекет басшысының атынан Қазақстанның халық артисі Әлібек Дінішевті 75 жасқа толған мерейтойымен құттықтады

Бүгін 17:32

”Жеке менеджер” сервисі: мемлекеттік қызметті алу қалай жеңілдейді?

Бүгін 17:21

Алматыдағы Есентай жағалауы кезең-кезеңімен жаңартылып жатыр

Бүгін 17:01

Алматы мен Түркияның әуе қатынасы кеңейіп келеді: Измир қаласына тікелей рейс ашылды

Бүгін 16:57

Алматыда «Қарызды өтеп, өсімпұлдан құтыл!» акциясы басталды

Бүгін 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);