Бұл туралы үкіметтің ресми сайты хабарлады.
Қонаев қаласында казиноларды жоспарлы түрде және жоспардан тыс тексеру кезінде 1 букмекерлік кеңсе лицензиясынан айырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz
Үкіметтің ресми сайты хабарлап отырғандай, қалада ойын бизнесі субъектілеріне жоспарлы және жоспардан тыс тексеру өткен.
«Тексеру қорытындысы бойынша 1 букмекерлік кеңсе лицензиядан айырылды, 4 букмекерлік кеңсеге, 2 ойын автоматтары залына және лотерея операторына айыппұл салынды», - деп жазды үкіметтің сайты.
Дереккөзге сүйенсек, Қазақстанда әлеуметтік желілердегі заңсыз лотереяларға қарсы күрес басталған.
«Заңнамаға сәйкес лотереяларды өткізуге айрықша құқық лотерея операторы мен оның агенттеріне ғана тиесілі», - деп хабарлады үкімет.