конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / Қоғамдағы тең қатысу және психологиялық қолдау

Қоғамдағы тең қатысу және психологиялық қолдау

Барлығы 28.01.2026, 17:28 878
Қоғамдағы тең қатысу және психологиялық қолдау
Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының «Парасат» әлеуметтік қызмет орталығы» КММ

Ерекше жандармен жұмыс жасау қажырлы қайрат пен кең жүректілікті талап ететінін жылдан жылға тереңірек ұғынудамын. Қазіргі қоғамда ерекше қажеттіліктері бар балалар мен ересектерді әлеуметтік ортаға бейімдеу – өзекті мәселелердің бірі. Мұндай тұлғалармен жұмыс тек медициналық қолдаумен шектелмей, жүйелі психологиялық сүйемелдеуді де қажет етеді. Парасат  әлеуметтік қызмет орталығындағы менің рөлім – олардың эмоционалдық жағдайын тұрақтандыру, ішкі ресурстарын ояту және қоғаммен байланысын нығайту.

Психоневрологиялық ерекшелігі бар адамдар жиі мазасыздық, қорқыныш, оқшаулану, өзіне сенімсіздік сияқты психоэмоционалдық қиындықтарға тап болады. Сондықтан психологиялық жұмыс ең алдымен қауіпсіз орта қалыптастырудан, сенімді қарым-қатынас орнатудан басталуы тиіс. Психологиялық жұмыс барысында адамның өз-өзімен болуына жағдай жасау маңызды. Үнемі түзетуге немесе талап қоюға емес, оның ішкі күйін қабылдауға бағытталған тәсілдер психоэмоционалдық тұрақтылықты қалыптастырады. Тыныштыққа негізделген жеке және топтық психокоррекциялық жұмыстар, арт-терапия, релаксациялық жаттығулар, сергіту сәттері эмоцияларды тану мен басқаруға бағытталған әдістер тұлғаның ішкі тепе-теңдігін қалпына келтіруге әбден көмектеседі.

Сонымен қатар ата-аналармен және жақын туыстарымен жүргізілетін психологиялық жұмыс та маңызды орын алады. Отбасылық қолдау тұлғаның әлеуметтік бейімделуін едәуір жеңілдетіп, өмір сүру сапасын арттырады. Психолог ретінде кәсіби қызметім тек түзету емес, сонымен қатар қабылдау, түсіну және тұлғаны тұлға ретінде мойындауға негізделуі қажет деп есептеймін.

Қорытындылай келе, ерекшелігі бар балалар және ересектермен жүргізілетін психологиялық жұмыс – олардың әлеуетін ашуға, қоғамда толыққанды өмір сүруіне жол ашатын маңызды кәсіби миссия.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #психология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда SOS батырмасы бар алғашқы телемедициналық көмек көрсету модулі іске қосылды

Бүгін 11:11

Алматыда жыл басынан бері 32 мыңнан астам ағаш санитарлық мақсатта кесілді

Бүгін 10:31

29 шілде - Халықаралық жолбарыстар күні

Бүгін 10:20

Алматының Наурызбай ауданында төрт әлеуметтік нысан пайдалануға берілмек

Бүгін 09:57

Алматы облысы орман өртінің алдын алу жүйесін күшейтті

Кеше 16:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);