конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / Журналист Мейіржан Келемеденов жастарды референдум...

Журналист Мейіржан Келемеденов жастарды референдумда жаңа Конституцияны қолдауға шақырды

Референдум 02.03.2026, 10:51 338 dulatbekova
Журналист Мейіржан Келемеденов жастарды референдумда жаңа Конституцияны қолдауға шақырды
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Журналист Мейіржан Келемеденов 15 наурызда өтетін республикалық референдум қарсаңында жастарға үндеу жасап, оларды жаңа Конституцияның жобасын қолдауға шақырды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі..

Оның айтуынша, жаңартылған Ата заң елдің жас азаматтары үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың болашағына берік негіз қалайды.

«Жаңа Конституцияда елдің болашағына, яғни жастарға ерекше мән берілген. Бүгінде сапалы білім алуға, лайықты еңбек етуге, құқықтар мен бостандықтарды қорғауға, өз ұстанымын ашық білдіруге жағдай жасалды. Бұл әділетті Қазақстанға бастайтын жол», — деді Келемеденов.

Журналист қоғам да өзгеріп, адамдардың да жаңарып жатқанын айтып, мемлекеттің құқықтық негізі де соған сай жетілуі тиіс екенін жеткізді. Оның пікірінше, реформалар уақыт талабынан туындаған.

Сондай-ақ, ол алматылықтар мен еліміздің барлық жастарын азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге қатысуға шақырды.

«15 наурыз күні әрқайсымыз таңдау жасауымыз керек. Біз болашақты бірге құрамыз сөйтіп. Әділетті әрі прогрессивті Қазақстанға алып баратын осы өзгерістерді қоғам болып қолдауға шақырамын», — дейді спикер.

Жаңа Конституция жобасы бойынша референдум 15 наурыз күні еліміздің барлық өңірінде өтеді. Мемлекеттің дамуы мен демократиялық институттардың нығаюына мүдделі азаматтар дауыс беруге қатысады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әскер шыңдаған достық: Ұлттық ұланның әскери бөлімінде колледжде бірге оқыған 10 студент қызмет етуде

Бүгін 18:24

Алматыда жастарға арналған тоғызқұмалақтан тегін курстар ашылды

Бүгін 18:21

Бостандық ауданында көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу бағдарламасы жалғасуда

Бүгін 17:08

Маусым айында Қазақстанда 168 мыңға жуық автокөлік есепке қойылды

Бүгін 16:52

«Хандар киген қамқа тон» қой үстіне жабылғаны ма?

Бүгін 16:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);