AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / ҚазҰУ мен Су ресурстары министрлігі әріптестікті а...

ҚазҰУ мен Су ресурстары министрлігі әріптестікті арттырады

Әлеумет 22.10.2026, 11:29 290
ҚазҰУ мен Су ресурстары министрлігі әріптестікті арттырады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов арнайы сапармен келіп, оқу ордасының оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттеріне көшбасшылық дәріс оқыды.

Жиынды ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ашып, университеттің соңғы жылдардағы негізгі жетістіктеріне тоқталды. Өз сөзінде ректор ел экономикасын дамытудағы ғылым мен білімнің стратегиялық маңызын атап өтіп, су ресурстарын басқару саласына заманауи технологиялар мен ғылыми зерттеу нәтижелерін кеңінен енгізу қажеттігін жеткізді.

«Бүгінгі таңда су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол экономикалық, экологиялық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басты фактор. Осы саладағы міндеттерді шешу мемлекеттік басқару, іргелі ғылым мен цифрлық технологияларды біріктіріп, сапалы кадрлар даярлауды талап етеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бұл басымдықтарды іске асыруда министрліктің сенімді ғылыми серіктесі болуға толық дайын. Сондай-ақ біздің бұл бағыттағы ғылыми әлеуетіміз нақты нәтижелермен дәлелденіп отыр», – деді университет басшысы.

Өз кезегінде ҚР су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов еліміздегі су ресурстарын басқару жүйесін жетілдіру бағытында атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталды. Министр ҚазҰУ-ға сапарының мән-маңызын жеткізіп, университет ғалымдары жүзеге асырып жатқан ғылыми жобаларға жоғары баға берді.

«ҚазҰУ-ға министрлік делегациясымен арнайы келуіміздің өзіндік себебі бар. Себебі университет ғалымдарының ғылыми ізденістері мен жобалары өте ауқымды. Басты мақсатымыз – зерттеушілермен бірлесе жұмыс істеу. Қазіргі уақытта біз су бассейндерін дамыту бойынша арнайы жоспар әзірлеп жатырмыз. ҚазҰУ ғалымдары Талас өзеніне жан-жақты зерттеу жүргізген екен. Осы орайда, университет ғалымдарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бассейндік жоспарды бірге дайындауға болады», – деді министр.

Сондай-ақ Нұржан Молдиярұлы халық санының өсуіне байланысты суға деген сұраныстың артқанын алға тартып, қатысушыларды су ресурстарын үнемді әрі ұқыпты пайдалануға шақырды. Өз сөзінде министр бүгінде еліміздің су саласында 30 мыңға жуық маман еңбек етіп жатқанын атап өтті.

«Қазіргі таңда алдымызда білікті мамандар даярлау міндеті тұр. Сондықтан біз барлық университеттермен серіктестікті нығайту бағытында жұмыс жүргізудеміз. Бұл ретте ҚазҰУ-дың алар орны ерекше. Министрлік кадр даярлау, ортақ жобаларды жүзеге асыру және өзара ынтымақтастықты дамыту бағытында қолдау көрсетуге әрдайым дайын», – деді ведомство басшысы.

Сөз соңында Нұржан Молдиярұлы ҚазҰУ студенттері мен ғалымдарын министрлікке қарасты мекемелерде тәжірибеден өтуге және бірлесе еңбек етуге шақырды.

Шара аясында ҚазҰУ мен ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігі арасында ынтымақтастық туралы екі маңызды құжатқа қол қойылды. Бірінші меморандум тараптар арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған. Ал екінші келісім министрлік құрамындағы Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы мен ҚазҰУ ғалымдарының бірлескен ғылыми-сараптамалық жұмыстар жүргізуіне жол ашады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Су ресурстары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына кандидаттардың сайлау қорларына қаражаттың түсуі және жұмсалуы туралы есеп

Бүгін 18:17

Экологтар City Run жарысы кезінде Алматы орталығындағы ауа сапасын өлшеді

Бүгін 16:48

Рекордтар, жапондық танымал спортшы және 66 елден келген желаяқтар: Алматыда мерейтойлық жүгіру маусымы аяқталды

Бүгін 13:26

Алматыдағы спорт мектебінің ғимараты жанып кетті

Бүгін 13:00

Қазақстанның ұлттық валютасы – теңгеге 33 жыл

Бүгін 12:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);