AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / ҚазҰУ-дың болашақ биоинженерлері беделді халықарал...

ҚазҰУ-дың болашақ биоинженерлері беделді халықаралық ғылыми байқауда жеңіске жетті

Барлығы 19.08.2025, 15:58 759 Дина
ҚазҰУ-дың болашақ биоинженерлері беделді халықаралық ғылыми байқауда жеңіске жетті
сурет: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың биотехнология кафедрасында білім алатын «Биоинженерия» мамандығының студенттері Қытайда өткен The 2025 China Belt and Road International Undergraduate Medical Innovation Competition атты халықаралық байқауға қатысып, екі бірдей алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 

Бұл беделді жарысқа әлемнің 20 елінен 4000-нан астам студент қатысып, үздік ғылыми жобаларын ұсынды. ҚазҰУ атынан ғылыми байқауға екі команда қатысты.

Бірінші топ құрамында команда капитаны Темірхан Қазанбасов, сондай-ақ студенттер Чутин Тао, Шуи Цзи, Мира Дәулет және Амина Давлетчарова болды. Командаға жетекшілік еткен – биология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Аида Қыстаубаева және Қытай Халық Республикасынан шақырылған маман – Вэня Хоу.

Екінші команданың мүшелері – Яохуэй Пэн, Хао Чен, Тимур Керімов және Гүлсая Асқар болды. Команданы Дамира Елтокова басқарып, биотехнология кафедрасының аға оқытушысы, PhD Дина Шоқатаева ғылыми жетекшілік етті.

ҚазҰУ командалары байқау барысында өздерінің терең білімін, шығармашылық қабілетін және кәсіби дайындықтарын жоғары деңгейде көрсетті. Бұл жеңіс – студенттердің табандылығы мен еңбегінің, сондай-ақ үйлесімді командалық жұмыстың айқын нәтижесі. Олар тек білімдерін ғана емес, өздерінің бірегей идеяларын ұсынып, халықаралық деңгейде озық жобалар қатарынан көріне білді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҚАЗҰУ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);