Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақтың ұлттық құндылықтары дәріптелді

Қазақтың ұлттық құндылықтары дәріптелді

Әлеумет 01.02.2025, 12:45 553
Қазақтың ұлттық құндылықтары дәріптелді
Қайрат Қонысбаев

1-ақпан Халықаралық орамал мерекесіне арналған  «Қазақ аналары-дәстүрге жол» РҚБ  Алматы және Алматы облысы филиалдары  ұйымдастырып отырған «Ақ кимешек - аналар аманаты!» атты жиыны өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бағдарламада «салт-дәстүрден көрініс қойылымдар», «мен таңдаған кимешек үлгісі» кимешек үстінен шылауыш, күндік орау, «Қайран біздің аналар, арды ойлаған»  өз заманында әже, ана, жеңгелеріміздің кимешек, жаулық, орамал таққан суреттерінен көрме, «ән, жыр, қызықты ойындар (ақ бата, жұмбақ, жаңылтпаш) қамтылды.

Мақсаты – қазақ халқының ұлттық салт-дəстүрі мен əдет-ғұрыптарын қайта жаңғырту, отбасылық құндылықтарды дәріптеу.

Ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дəстүр мен ғұрпты, заманауи ұлттық киім мен ана тілін жүйелі жаңғыртып, дұрыс тəрбие беру.

 Іс-шараның мән-маңызы туралы «Қазақ аналары дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы және Алматы облысы филиалдары төрайымы  Ләйле ДӘУЛЕТ айтып берді.

– 1 ақпан бұл – «Халықаралық орамалдар күні» болып бекітілген. Біз өзіміздің үрдісімізге сай, қазақтың дәстүр-салты, ақ кимешек, ақ орамалдың қадірі, қыз баланың өсу реті бәрі-бәрін дүйім жұртқа көрсетіп келеміз. Негізі мүдде – қазақтың әдет-ғұрпын, салт-санасын өскелең ұрпаққа түсіндіру. Сондай-ақ осы жиынның аясында салт-дәстүр дәріптелді, ән-шашу, қазақтың ұлттық рәсімдері көрсетілді. Бұндай жиындар ұлттық болмысты сақтап, руханиятты жаңғыртуға жол ашады, – деді ол.

Сонымен қатар дәстүрді берік ұстау, қоғам арасында насихаттау, өткенді ұмытпау, болашаққа нық қадам басу сияқты келелі ой-пікірлер айтылды.

– Біз Алмалы ауданының атынан осы іс-шараға қатысып отырмыз. Өзімнің 11-12 жас аралығындағы қызымды қатыстырдым. Жасөспірім шақтағы шаш өру үлгісі, тақия кию, камзол кию сияқты бірқатар құндылықтарды дәріптеу түсу керек. Мақсатым – көнеден, ата-бабамыздан жеткен салт-дәстүрдің жаңғыруына зор үлес қосу, – деді көп балалы ана Нағима ОСПАНОВА.

Қосымша мәлімет: бұл – «Қазақ аналары – Дәстүрге жол» республикалық қоғамдық бірлестігі - ҚР Президенті  жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия» мүшесі, Мәдениет үздігі, Айнұр Серікқызы Жүгінісованың авторлық жобасы.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Дәстүрге жол #Қазақ аналары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері құқықтық мәдениетін нығайтуда

Бүгін 21:07

Алматы қаласы аумақтық және учаскелік референдум комиссияларының құрамы, орналасқан жері, шеқаралары және жұмыс уақыты туралы

Бүгін 19:07

Сайлау кезінде сайлаушылармен кездесу өткізу үшін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне және Алматы қаласының мәслихатына депутаттыққа кандидаттарға шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізбесі

Бүгін 18:54

Колледж оқытушылары жасанды интеллект негіздерін тегін оқып шықты

Бүгін 18:07

Алматыда сталкингтің алдын алу бағытында жүйелі профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі