AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақта қызды кілемге отырғызып ұзату салты бар ма...

Қазақта қызды кілемге отырғызып ұзату салты бар ма?

Мәдениет 10.06.2025, 11:10 1,749 Сұлу
Қазақта қызды кілемге отырғызып ұзату салты бар ма?
Видео кадры

Жақында танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлы отбасын құрды. Желіде келіннің "ерекше" ұзатылған видеосы пайда болды. Қазақтар қызды кілемге отырғызып ұзатқаны рас па? Аqshamnews.kz тілшісі бұл салтқа қатысты мәдениеттанушы Бердалы Оспанмен сұхбаттасты. 

Желіде бұл видео қызу талқыға түсті. Кейбірі қазақ кілемге тек ханды отырғызғанын айтса, енді бірі кілемді жаман ырыммен байланыстырған. Алайда бұған дейін де әлеуметтік желіде Маңғыстау, Атырау облыстарында кілемге отырып, ұзатылып бара жатқан қыздардың видеолары тараған еді. 

"Қазақта түрлі салт бар ғой. Оның ішінде қызды кілемге отырғызу бұрыннан бар дәстүр. Тойдың аяғында қыз сыңсу айтып жатқанда жасы үлкен әйелдер қызды құрбыларының арасынан күштеп тартып алып, кілемге отырғызып, тойдан шығарып салады. Кілемге отырғызған әйелдерге кейін алым беріледі. Әдетте, алымға 1-2 мата берілген. Бұл жерде ешқандай күштеу жоқ, ойын түрінде", - деді ол. 

Мәдениеттанушының айтуынша, бұл салт тартыс деп аталады. 

"Қазақта бірнеше тартыс бар - Арқан тартыс", "Құда тартыс".  Мұнда әйелдер қалыңдықты ғана  тартады, басқа қыздарға тиіспейді", - дейді Бердалы Әсілханұлы. 

Оқырмандар "Ханды кілемге отырғызғанды көріп едім, мынадай дәстүрді алғаш естуім", "Шығармайтыны жоқ", "Ойына келгенді істепті" деп жазған. 

Ал кейбірі бұл салттың бұрыннан барын және оның мағынасы қандай екенін түсіндірген. 

"Қыз ұзатылғанда кілемге отырғызып немесе кілеммен көтеріп алып кету - қазақ халқының да ежелгі, терең мәні бар салттарының бірі. Бұл дәстүр қыз баланы төркінінен құрметпен шығарып салудың, оның ар-намысын, абыройын жоғары қоюдың белгісі. Бұл салттың мағынасы:

  • Қыз - елдің, отбасының үміті мен абыройы. Қызды кілемге отырғызып көтеру — оны жерге бастырмай, қадірлеп, таза, абыройлы күйінде ұзатудың нышаны. 
  • Кілем - байлық пен құрметтің белгісі. Қазақта кілем - төрден орын алатын, ең бағалы бұйым. Қызды кілеммен алып шығу - оның да төрге лайық жан екенін білдіреді. 
  • “Жерге түсірмеу” - қыздың мәртебесін биік ұстау, жаңа өмірге қадам басарда батасын беру", - деп жазған Индира Орынбаева есімді оқырман. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Той #кілем #Дәстүр #Сәкен Майғазиев #ақтау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);