Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Барлығы / "Қазақстанның үздік тауары" байқау-көрмесінің Алма...

"Қазақстанның үздік тауары" байқау-көрмесінің Алматыдағы үздіктері анықталады

Барлығы 12.08.2025, 12:45 373
"Қазақстанның үздік тауары" байқау-көрмесінің Алматыдағы үздіктері анықталады
Алматы әкімдігі
16 тамызда Алматының Республика сарайында "Қазақстанның үздік тауары" республикалық байқау-көрмесінің аймақтық кезеңі өтеді, - деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі. 
 
Іс-шараны Алматы қаласы әкімдігі мен "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бірлесіп өткізеді. Мақсат – отандық тауар өндірушілерді қолдау және ілгерілету, шағын және орта бизнесті дамыту, сапалы әрі бәсекеге қабілетті өнімдер арқылы нарықты толықтыру, отандық тауар тұтыну мәдениетін қалыптастыру.
 
Байқау үш номинация бойынша өтеді:
• Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар;
• Халық тұтынатын үздік тауарлар;
• Үздік азық-түлік тауарлары.
 
Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады. Биыл Алматы қаласынан түрлі өндіріс саласында жұмыс істейтін 63 компания қатысады.
 
Аймақтық кезеңнің жеңімпаздары республикалық финалға жолдама алып, "Қазақстанның үздік тауары" атағына үміткер бола алады. Қонақтар үшін кең көлемді көрме, концерттік бағдарлама және марапаттау рәсімі өтеді.
 
"Қазақстанның үздік тауары" ұлттық байқауы 2006 жылдан ҚР Президентінің Жарлығы бойынша өткізіліп келеді.
 
Сонымен қатар, көрме аясында Алматының 40 өндірушісінің (ШОБ және жеке кәсіпкерлер) жергілікті немесе аймақтық ресурстардан жасалған өнімдер ұсынылатын "Бір ауыл – бір өнім" (БАБӨ) жобасы бойынша жәрмеңке өтеді.
 
Жәрмеңке қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар 10 үздік өндірушіні іріктеп алып, оларды өңірлік Бренд-комитеттің іріктеуіне жібереді.
 
"Бір ауыл – бір өнім" жобасы "Атамекен" ҰКП-мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тапсырысы бойынша "Мен кәсіпкер" бағдарламасының "Кәсіпкерлік әлеуетті дамыту" құралы аясында жүзеге асырылады.
 
Жобаның мақсаты – бірегей жергілікті өнімді (бал, тосап, тоқыма, кәдесый) брендпен және қаптамамен шығару, өндірісті дамыту, соның ішінде ауылдық жерлерде; шағын бизнесті, қолөнершілерді, әйелдер мен отбасылық кәсіпті қолдау; сондай-ақ жалпы өңірдің дамуына, жұмыспен қамтуға және экспортқа үлес қосу.
 
Қайда және қашан?
 
Өтетін орны: Алматы қ., Республика сарайы
Күні мен уақыты: 2025 жылдың 16 тамызы, сағат 11:00-20:00
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #Қазақстанның үздік тауары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда AI Engineering бағдарламасының жаңа легі басталады: оқушылар жасанды интеллект пен жобалар жасайды

Бүгін 19:41

Алматыда жасыл желектерді ауқымды дәрілеу жұмыстары басталды

Бүгін 19:38

Махаббат пен парыз арасындағы тартыс: Алматыда «Шідер» детектив-драмасының премьерасы өтеді

Бүгін 18:38

Алматыда Жетісу көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:17

Алматыда World Schools Team Championship 2026 Азия кезеңі басталды

Бүгін 17:23
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика