AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның Тәжікстанға 60 тауар түрі экспортын ұ...

Қазақстанның Тәжікстанға 60 тауар түрі экспортын ұлғайтуға әлеуеті бар

Әлеумет 03.05.2023, 04:57 836 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстанның Тәжікстанға 60 тауар түрі экспортын ұлғайтуға әлеуеті бар
Сурет: ашық дереккөз

 Қазақстанның Тәжікстанға 60 тауар түрі экспортын ұлғайтуға әлеуеті бар. Бұл туралы Қазақстан-Тәжістан бизнес форумында Премьер-Министрдің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.







«Біздің болжамымыз бойынша, ортаазиялық өңірдегі сауданың жиынтық әлеуеті 10 млрд доллардан асады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Тәжікстанмен бірлескен 418 кәсіпорын жұмыс істейді, оның 416-сы – шағын кәсіпорын. Қазақстанның 2005 жылдан бастап Тәжікстан экономикасына салған инвестициясының көлемі – шамамен 132 млн доллар, ал Тәжікстаннан инвестиция ағыны – шамамен 21 млн доллар. Пандемияның аяқталуымен біз ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша өзара іс-қимылымызды арттыратынымызға сенімдімін», - деді Серік Жұманғарин.



Вице-премьер уақыт өте келе екі ел бизнес-топтарының өкілдері арасындағы іскерлік байланыс нығая түсетіндігін атап өтті.



«Қазірдің өзінде біз өзара саудадағы әлеуетті көріп отырмыз. Атап айтқанда, Қазақстанның жалпы сомасы 140 млн доллар болатын 60 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайту әлеуеті бар. Бұл – жеткізілімнің оң өсуі байқалатын өңделген өнімдердің тауарлары. Сонымен қатар, оларды жеңілдікті шарттармен ұсынуға дайын қызмет көрсетушілердің қызығушылығы зор. Олардың ішінде ауыл шаруашылығы саласы үшін Жерді қашықтықтан зондтау және спутниктік байланыс қызметтерін, ІТ қызметтерін атап өтуге болады. Мемлекеттік басқару мен ғылыми-инновациялық қызметтің цифрлық трансформациясы саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзірлік бар», - деді ол.






Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Бүгін 16:54

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 16:49

«Көктем көркі – қызғалдақ»: Алматы Оқушылар сарайында қалалық қызғалдақ фестивалі өтті

Бүгін 16:41

Тазалықтың тірегі – тәрбие

Бүгін 16:27

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» бастамасын дамыту аясында жануарларға қамқорлық мәдениетін қалыптастыруға тоқталды

Бүгін 16:24
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика