AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстанның допты хоккейшілері Еуропаның үздігі а...

Қазақстанның допты хоккейшілері Еуропаның үздігі атанды

Спорт 30.08.2023, 05:01 1,515
Қазақстанның допты хоккейшілері Еуропаның үздігі атанды
Сурет: 24.kz

Құрлық біріншілігі Братислава қаласында өтті.


Жерлестеріміз топтық кезеңде қатарынан бес ойында жеңіске жетіп, жартылай финалда Украинаны тізе бүктірді. Ал ақтық матчта айдын иелерін 9:1 есебімен ойсырата ұтты. Ұлттық құраманың дені Оралдың «Ақжайық» допты хоккей командасының түлектерінен жасақталды. Жергілікті жанкүйерлер даңқты жерлестерін әуежайда зор қошеметпен күтіп алды. Айта кету керек, қазақ бендишілері Еуропа чемпионатына алғаш рет қатысып, бірден жеңіс тұғырынан көрінді.



«Өте қызықты, тартысты ойындар өтті. Жеңіл болды деп айта алмаймын енді. Жеңіспен келіп отырмыз. Словакияның өзі мықты, Швейцария. Сондай мақсатпен бардық қой. Бірінші орынды ұтамыз деген мақсатпен бардық, жеңіл болған жоқ», - дейді ұлттық құрама команданың қақпашысы Бержан Ахметжанов.


«Еуропа чемпионаты жылда тамыз айында өтеді. Ол кезде бізде маусым әлі басталмағандықтан бұрын қатыспаушы едік. Биыл бірінші рет бардық. Екі жұма ерте дайындықты бастадық. Чемпионат екі күнде өтті. Бір күнде 4 кездесу болды. Оңай емес әрине. Жігіттерге ризамын. Жақсы ойын көрсетті. Енді алда Қазақстан кубогы. Одан кейін Ресейдің ашық біріншілігі. Ал наурыз айында Швециядағы әлем чемпионатына қатысамыз», - дейді допты хоккейден ұлттық құрама команданың аға жаттықтырушысы Николай Шавалдин.






Телеграм арнаға жазылыңыз
#Допты хоккей #құрлық біріншілігі #жеңіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда тұрғын үйде мефедрон өндіретін есірткі зертханасы жойылды

Бүгін 10:05

Өңірлерде жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар ашылды

Бүгін 09:45

Алматылық Нұрқожа Қайпанов күрестен әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Бүгін 09:14

Өңірлерді дамыту: жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді

Бүгін 08:00

Қыс мезгілінде үйдегі жылуды қалай сақтауға болады?

Кеше 14:39
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);