Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстанның болашағы: бірлік, даму және жаңғыру

Қазақстанның болашағы: бірлік, даму және жаңғыру

Әлеумет 30.04.2025, 10:13 865
Қазақстанның болашағы: бірлік, даму және жаңғыру
Сурет: Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы мен студенттерімен кездесті.

«Қазақстанның болашағы: бірлік, даму және жаңғыру» тақырыбында өткен ашық диалог алаңы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда сөйлеген баяндамасын талқылауға арналды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Кездесу барысында Президент кеңесшісі оқу орнына Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізді. Ол Президенттің Ұлттық құрылтайдағы баяндамасының мәні мен маңызын түсіндіріп, елдің басты даму бағдарын айқындайтын құжат ретінде құрылтайдың стратегиялық рөлін атап өтті.

«Президент кеңесшісі ретінде бірқатар аймақтарда болдым. Алдағы уақытта да осындай кездесулерді барлық өңірлерде жалғастырамыз. Себебі Ұлттық құрылтай – бұл тек пікір алмасатын орын емес, бұл – нақты шешімдер қабылданатын, ел болашағын айқындайтын саяси институт», – деді Мәлік Отарбаев.

QyzPU Басқарма Төрағасы – Ректоры Гүлмира Қанай өз сөзінде Ұлттық құрылтайда көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып, білім беру мекемелерінің мемлекет пен қоғам арасындағы сенім көпірі ретіндегі рөлін атап өтті. Сондай-ақ Мемлекет басшысының «Адал азамат» бастамасы, ұлттық құндылықтар мен рухани тәрбие төңірегіндегі ұстанымдарын қолдайтынын білдірді.

Кездесу аясында университет оқытушылары мен белсенді студенттері өз көзқарастарын ортаға салды. Қазақ әдебиеті кафедрасының доценті, ф.ғ.к. Ләззат Әділбекова «Ұлттық бірлік – тұрақты дамудың негізі» тақырыбында баяндама жасап, Қазақстан Президентінің бастамалары мен стратегиялық бағдарламаларына тоқталды.

«Қазақстан – БҰҰ Электронды үкімет рейтингі бойынша алғашқы 25 мемлекеттің қатарында. «Ұлттық қор – балаларға», «Келешек» бағдарламасы, сапалы білім мен медицинаға бөлінген қомақты инвестициялар – мұның барлығы ұлттың келешегі үшін жасалып жатқан нақты қадамдар», – деді Ләззат Әділбекова.

Ол сондай-ақ Мемлекет басшысының «Әділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстан» құру идеясын қолдап, бұл бағыттағы әрбір азаматтың рөлі ерекше екенін айтты.

Жиын соңында университет ұжымы Мемлекет басшысының реформаларын толық қолдайтынын білдіріп, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, білім мен ғылым саласын дамытуға белсенді үлес қоса беретінін жеткізді. Мәлік Отарбаев университет ұжымына сәттілік тілеп, ел болашағы – білімді де мақсатшыл жастардың, әсіресе қазақ қыздарының қолында екенін атап өтті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #бірлік #болашақ #даму
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика