Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / АЭС: Референдум / Қазақстанға АЭС не үшін қажет?

Қазақстанға АЭС не үшін қажет?

АЭС: Референдум 16.08.2024, 09:54 2,076
Қазақстанға АЭС не үшін қажет?
Сурет Алматы қаласы әкімдігі

Алматыда Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылаулар басталды. Бұл талқылауларға атом саласының салалық сарапшылары, мемлекеттік органдардың өкілдері, жұртшылық пен азаматтық сектор өкілдері қатысуда. Бұл атом электр станциясының құрылысы перспективасын талқылайтын он тоғызыншы тыңдау, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Іс-шараның модераторлары: қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Борис Жапаров, Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева және Алматы Азаматтық альянсының төрағасы Қайыржан Әбдіхалықов.

«Мен өткен жылы Үлкен ауылында болғанымда, алғашқы жария талқылаулардың өтіп, жергілікті халықтың пікірін тыңдаған едім. Жергілікті тұрғындар көп жылдан бері өзгерістер мен АЭС құрылысын күтіп отыр. Атом энергетикасы туралы айтсақ, бұл қазіргі таңда ең дамыған мемлекеттер қолданатын жасыл технологиялар», ― деді Бану Нұрғазиева жария талқылауды аша отырып.

Жария талқылаулар барысында азаматтар өздерін қызықтыратын кез келген сұрақтарын, технологиялардың қауіпсіздігі мен АЭС құрылысының әлеуметтік-экономикалық аспектілері бойынша қоя алады.

2023 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділ Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Мемлекет басшысы өз Жолдауында атом энергетикасын дамытудың аса маңызды экономикалық және саяси аспект екенін атап өтті. Осы себепті ол бұл мәселені жалпыұлттық референдум арқылы шешуді ұсынды.

2024 жылдың маусым айының соңында президент Тоқаев атом электр станциясын салу бойынша референдум ағымдағы жылдың күзінде өтетінін мәлімдеді. Тарихи күнді Қазақстан Үкіметі анықтайтын болады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #АЭС #жасыл технология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда студент жастарға арналған «Jas Gala» қалалық фестивалі

Кеше 18:15

"Отаға қатысуды таңдадым". Жетінші рет әке атанған Төреғали Төреәлі қызына қандай есім бергенін айтты

Кеше 17:54

Бас-ми жарақатын алған: Астанада психикалық денсаулық орталығының фельдшеріне шабуыл жасалды

Кеше 17:20

Зорлау ісімен сотталған блогер Думан Ерқанат бостандыққа шықты

Кеше 16:57

Халықаралық тәжірибе Қазақстандағы балалар нейрохирургиясын қалай дамытып жатыр?

Кеше 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика