Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Қазақстанға 250-ден аса қандас балалар жазғы лагер...

Қазақстанға 250-ден аса қандас балалар жазғы лагерьге келді

Білім және ғылым 26.06.2024, 11:51 662
Қазақстанға 250-ден аса қандас балалар жазғы лагерьге келді
Cурет: «Отандастар қоры» КЕАҚ

25 маусымда этникалық қазақ балаларына арналған «Jas Qazaq» жазғы-этно лагерінің ашылуы өтті

Сыртқы істер министрлігіне қарасты «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен және IQanat қорының қолдауымен шетелде тұратын этникалық қазақ балаларына арналған жазғы этно-лагер жұмысын бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Отандастар қорының «Jas Qazaq» жазғы этно-лагері төртінші рет ұйымдастырылып жатыр. Осыған дейін 400-ден аса қандас балалар қатысса, биыл Ресей, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай, Оңтүстік Корея және Иран елдерінен 255 этникалық қазақ балалары тарихи отанына келді. Қатысушылардың арасында төтенше жағдай кезінде қазақстандық достарына жылу жинаған моңғолиялық қазақ балалары, түрлі байқауларға қатысып, білімдері мен біліктіліктерін дәлелдеген қаракөз қандастарымыз бар.

25 маусым күні лагердің ресми ашылу салтанатына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Болат Керімбек және Нұргүл Тау, Россотрудничествоның Астанадағы өкілдік басшысы Ольга Филонова, «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Данияр Қадыров және IQanat мектебінің директоры Зайкен Жанат қатысып, балаларға ақжарма тілектерін білдірді.

Лагерь 2024 жылғы 24 маусым және 7 шілде аралығында Бурабайдағы «IQanat High School of Burabay» мектебі базасында өтеді. Балалар екі аптада қазақ тілі, тарихы мен салт-дәстүрін үйреніп, ұлттық ойындар мен музыкалық аспаптарда ойнайды, атқа мініп, киіз үй құрады, еліміздегі жоғары оқу орындарының қатысуымен өтетін білім көрмесіне қатысады және ең бастысы әлемнің көптеген елінен достар табады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#«Jas Qazaq» #этно лагерь #этникалық қазақ балалары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Қайрат» – «Астана» матчінен кейін жанкүйерлер еріктілермен бірге стадионды тазалады

Бүгін 21:05

Ұзақ күткен матч: Алматыда “Қайрат” пен “Астана” кездесіп жатыр

Бүгін 20:15

Қазақстанда базар азайып барады

Бүгін 17:26

Сағындық Тоғамбай Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 16:55

Тегеран АҚШ-тың мәлімдемесіне жауап қатты

Бүгін 15:27
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика